04 Наурыз, 2011

Елбасы қабылдады

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рес­публикалық бюджеттің атқарылуын бақы­лау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өк­сік­баевты қабылдады, деп хабар­ла­ды Қазақ­стан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. О. Өксікбаев Президентке 2010 жылы комитет тарапынан жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы, сондай-ақ өткен жылғы республикалық бюджеттің орындалуына жасалған талдаудың нәтижелері жөнінде баяндады. – Мемлекет басшысы қаржылық бақылауды жетілдіру жөнінде, сондай-ақ жергілікті бюджеттің орындалуына сыртқы қаржылық бақылау қызметін пысықтау және күшейту туралы бірқатар нақты тапсырма берді, – деді О.Өксікбаев журналистерге арналған брифингте. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың бас директоры Алик Айдарбаевты қабылдады, деп хабар­ла­ды Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. А.Айдарбаев Президентке «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың 2010 жылғы қызметінің қорытындылары туралы баяндады. – Мен Мемлекет басшысына компанияның 2015 жылға дейінгі даму перспективалары туралы және  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың жаңа технологияны енгізуде қандай жұмыстар жүргізіп отырғаны жөнінде баяндап бердім, – деді А. Айдарбаев журналистерге арналған брифингте.