Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кеше қаржылық тергеп-тексеру және ұрланған активтерді қайтару жөніндегі мамандандырылған семинардың екінші кезеңінің ашылуы болды.
Онда еліміздің Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко қаржылық тергеп-тексеру саласындағы оқыту семинарының, әсіресе, Бас прокуратура жүзеге асырып отырған «Шетелден ұрланған активтерді қайтару» жобасы аясында өтіп жатқан бұл семинардың маңыздылығын және бірегейлігін атап көрсетті. Бұдан алынған білім мен дағдылар бірден тәжірибеде қолданылатын болады, дейді ол.
Расында, аталған семинар қадағалау, тыйым салу және ұрланған активтерді қайтару мүмкіндіктерін арттыру үшін басқа елдердің құзыретті органдарымен ведомствоаралық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Курстар бес күн бойына жалғаспақ. Дәріс беру үшін Италия, Австрия, АҚШ және Израиль сарапшылары шақырылған, ал солардың арасында Израиль Бас прокурорының орынбасары Яхуд Шаффер де бар.
Бұл бастама аясында тергеушілер мен прокурорларды оқытудан басқа, шет елден ұрланған активтерді қайтару бойынша тиімді жұмыс жүргізу үшін құқық қорғау органдарының әдістемелік және нормативтік базасын құруға бағытталған жүйелі шаралар жасалмақ екен. Бұған қоса, оның Еуропадағы «CARIN» және Азиядағы «ARIN-AP» әлемдік ақпарат алмасу желілеріне қосылуы жоспарлануда көрінеді. Осыған орай: «Бүкіләлемдік банк пен БҰҰ-ның «Ұрланған активтерді қайтару жөніндегі бастамасы – «StAR» жобасына қосылуға сұрау хат жолданды», – деді Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко.
Семинар аясында, сондай-ақ, Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мен осы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов АҚШ Мемлекеттік хатшысының халықаралық есірткіге қарсы күрес және құқық қорғау қызметі жөніндегі көмекшісі Уильям Браунфилдпен және Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Кролмен кездесу өткізді. Сұхбат барысында екіжақты құқықтық ынтымақтастық мәселелерінің кең шоғыры, атап айтқанда, қаржылық қылмыстарға, терроризм мен экстремизмге, қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын жылыстатуға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Ал жоғарыда айтқанымыздай, осы курстардың бірінші кезеңі – базалық деңгейдегі қаржылық тергеп-тексеру бойынша семинары мен тренерлерге арналған тренинг қазан айының басында өткен болатын. Оған қаржылық қылмыстарға маманданған, құқық қорғау және фискалдық органдардың арнайы іріктелген 24 қызметкері қатысқан еді. Бұл жолғы семинардың ашылуына еліміздің Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов, АҚШ Мемлекеттік хатшысының халықаралық есірткіге қарсы күрес және құқық қорғау қызметі жөніндегі көмекшісі Уильям Браунфилд, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Крол, БҰҰ Есірткімен және қылмыспен күрес бойынша басқармасының бөлім басшысы (БҰҰ ЕҚБ, Вена) Тофик Муршудлу, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің саяси мәселелер жөніндегі офицері Колин МакКаллау, сонымен қатар, қазақстандық сарапшылар, тергеушілер, прокурорлар және судьялар қатысты.

Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды
Президент • Бүгін, 20:46
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:20
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Спорт • Бүгін, 19:54
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Шаруашылық • Бүгін, 19:34
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті
Үкімет • Бүгін, 18:58
Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 18:42
Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді
Банк • Бүгін, 17:59
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті
Қаржы • Бүгін, 17:42
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Қоғам • Бүгін, 17:40
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 17:31
2027 жылдан бастап азаматтардың қарыз көлеміне шектеу енгізілуі мүмкін
Қаржы • Бүгін, 17:29
Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының даму жоспары таныстырылды
Президент • Бүгін, 17:15
Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:59
Жамбыл облысында екі жасөспірімнің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 16:45
Цифрлық жүйе көлік басқару кезінде телефон қолданудың 6 дерегін тіркеді
Заң • Бүгін, 16:22