25 Қазан, 2016

Дамир Рыспаев "Барыстан" кетті

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  Астаналық "Барыс" қорғаушы Дамир Рыспаевпен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Құрлықтық хоккей лигасы. Клуб пен хоккейші арасындағы келісімшарт тараптардың келісімімен бұзылды. Рыспаевтың өз мансабын қайда жалғастырары әзірге белгісіз. Айта кетейік, бұған дейін маусымға өтініш берерде «Барыс» Рыспаевты тізімнен шығарған. Алайда, клуб хоккейшімен қоштаспайтынын, дисквалификацияға байланысты тізімнен шығарғанын айтқан еді. «Барыс» құрамында Рыспаев 2014 жылдың 17 қазанынан бастап ойнап келеді. Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы екі маусымда ол 23 матч өткізіп, 194 минут айып уақытын алды. Бірнеше рет төбелеске киліккен жас хоккейшіні ҚХЛ ұзақ есте сақтайды. Бұл маусымда Рыспаев корпоративтік мерзімсіз дисквалификацияға байланысты ешқандай матч өткізген жоқ. Мұндай жаза қорғаушыға «Куньлуньмен» маусымалды ойынындағы төбелес үшін берілген. Ресейдің Championat.com сайты Құрлықтық хоккей лигасы тарихындағы ең үздік бұзық спортшылар тізімін жариялады. Үздік ондыққа қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаев та енген. Сонымен қатар, бұл тізімде Александр Свитов, Евгений Артюхин, Крис Саймон, Джон Мирасти, Джереми Яблонский, Дарси Веро бар.