04 Наурыз, 2011

Заңнаманы жетілдіру тұрғысында

213 рет көрсетілді
Таяуда Президент жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Жоғары сот кеңесінің бірлескен отырысы болып өтті. Бірлескен отырыста Ювеналды әділет жүйесін дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған тұжырым­да­ма­сын іске асыруға қатысты, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу мен ғылыми сараптау жүйесінің өзекті мәсе­ле­лері қаралды. Аталған мәселелер бойынша Әділет министрлігінің ақпараты тыңдалды. Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің және Жоғары сот кеңесінің бірлескен отырысының ұсынымдары Қазақстан Республикасындағы заңнаманы және құқық қолдану қызметін әрі қарай жетілдіруде ескерілетін болады. «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар