04 Наурыз, 2011

Мемлекеттік комиссия отырысы

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұрнағы күні Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комис­сия­­ның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Отырысқа Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқару органдарының, «Самұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының, «Атамекен» одағы» ұлттық эко­но­ми­калық палатасының  басшылары қатысты. Комиссия мүшелері ірі инвестициялық эко­но­микалық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін қарастырды.
Соңғы жаңалықтар