04 Наурыз, 2011

Кәсіподақтар өз үлестерін қосуға ниетті

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қа­зақ­стан Кә­сіподақтары феде­ра­циясы­ның төр­­ағасы Сиязбек Мұ­қа­шев­пен кездесу өткізді, деп хабарлады Пре­мьер-Ми­нистрдің баспасөз қызметі. Кездесуде 2009-2011 жылдарға арналған үшжақты келісімді жү­зеге асыру, кә­сіп­одақтардың «Ең­бек­пен қамту-2020» бағ­дарла­ма­сын жүзеге асыруға және үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағ­дар­ламасы үшін жұмысшы кадрларын даярлау үдерісіне қа­ты­суы мәселелері талқы­ланды. Мәжілісте қаралып жатқан Еңбек кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша пікір алмасылып, сол сияқты, азық-түлік өнімдері бағаларын тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөнінен Үкімет пен жергілікті атқару органдары қабылдаған шаралар мен коммуналдық салада тариф белгілеу мәселелері де әңгіме арқауына айналды.