04 Наурыз, 2011

Халықшыл коммунистер белсенділігі

503 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2 наурызда Қазақстан Коммунистік халықтық партиясынан пре­зиденттік сайлауға қатысатын азаматты тіркеу бойынша бас­па­сөз мәслихаты болып өтті. ҚКХП-дан кандидат ретінде партияның Орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков ұсынылға­ны белгілі. Оны қолдау бойынша қол жинау науқаны кезінде 96 мың қол жиналған. Бұл табысты үдеріс деп саналады. Жұмысқа бар­лық 16 өңірлік партия ко­митет­терінің, сондай-ақ қалалық ұйымдар мүшелерінің күш-жігері жұмсалған. Айта кететін болсақ, ҚКХП-ның облыстар мен қала­лар деңгейінде ғана емес, соны­мен қатар, еліміздегі 204 аудан­ның 160-ында филиалдары бар. Баспасөз мәслихаты бары­сын­да осы мәселелер жөнінде айтқан ҚКХП Орталық комитетінің хат­шысы Владислав Косарев пар­тия­ның ұстанымдарын өзіне жа­қын тұтатындардың барлығын Коммунистік халықтық ұйым қа­тарына қосылуға шақырды. «Кең ауқымды үгіт-насихат науқанын пайдалана отырып біз көпшілікті ҚКХП қатарынан көргіміз келетінін жариялаймыз», деді партия Орталық комитетінің хатшысы. Саяси бірлестік өкілдерінің сөз­деріне қарағанда, кандидат­тың сайлау тұғырнамасын қолдау бойынша үгіт жұмыстары жал­пы­ұлттық насихатпен үйлестіріле жүргізілетін болады. Бұл арада Коммунистік халықтық партия­ның міндеттері мен құнды­лық­тарын оңтайлы түсіндірудің ма­ңы­зы зор. Сайлау науқаны партия құрылысының және сапалық жаңа деңгейге көшудің маңызды кезеңі ретінде қарастырылады. Партия ақиқат пен әділеттілік идеалдары кім-кімге де қымбат болса, кімде-кім Қазақстанды өркендеген, әлеуметтік жауапкершілікті мемлекет ретінде көргісі келсе, өздерінің сапын толтыруға шақырады. ҚКХП сайлаудың таза, ашық және мөлдір өтуі үшін барлық күш-жігерін жұмсау ниетінде. Осы­ған байланысты партияның республикалық сайлау штабы басты міндеті кімнің сайлау құқы бұзылатын болса, соның құқын қорғау болып табылатын Қоғам­дық қолдау орталығын құра­ты­ны мәлімделді. Барлық дерлік сайлау учаскелерінде ҚКХП-ның бай­қау­шылары бар. Партия әдетте сайлау кезінде аса белсенділік таныта қой­май­тын сайлаушылар тізімін біріздендіру жауапкершілігін өзіне алатыны да баспасөз мәслихаты барысында атап айтылды. Партия өкілдерінің пікірлерінше, елімізде 2,7 миллион өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ететін адамдар болса, солардың кем дегенде жарты­сы­нан астамы соңғы үш сайлау цикл­деріне қатысқан жоқ. «Егемен-ақпарат». Астана.