Жаңа үлгіде жұмыс істей бастаған Әділет министрлігінің баспасөз қызметінде жуырда ғана ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Онда елдегі кәсіпкерліктің дамуына ықпал ету мақсатында заңдағы кейбір кедергілерді жоятын жаңа тұжырымдама негізі қарастырылды. Атап айтқанда, шағын және орта бизнестің кең қанат жайып, еркін өсіп-жетілуіне мүмкіндік бермейтін әкімшілік тосқауылдарды алып тастау туралы нақты ұсыныстар айтылып, тың әрі тиімді баптар заң жобасына енгізілуде.
Үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес қауымдастық өкілдерінің және Мәжіліс депутаттарының қатысуымен өткен отырыста, депутат Аманжан Жамалов «Кейбір заңнамалық актілерге әкімшілік кедергілерді жою мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына арнайы тұжырымдаманы таныстырып, кәсіпкерлер тарапынан түскен ұсыныстарды талқыға салды. Осылайша, қоғам тарапынан айтылған шағым, өтініштер аталған заң жобасындағы кейбір кедергілерді алып тастауды немесе түбегейлі толықтырулар енгізуді қажет ететіндігін көрсеткен. Сондай-ақ, мұндай өзгерістер басқа да заңдар мен кодекстердің бірқатар баптарының өзгеруіне түрткі болатыны сөзсіз.
«Мәселен, қазіргі кезде Мәжілісте жатқан Салық және Кеден кодекстеріне байланысты заң жобасы бар. Онда осы қызмет жүйесіне апелляциялық комиссия енгізу туралы ұсыныс қаралу үстінде. Соның негізінде біз санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық бақылауға жаңа нормалар енгізгіміз келеді», деді А.Жамалов.
Осы орайда, жоғарыда 2007 жылғы қабылданған Экологиялық кодекс құрамына алғаш ұсынылып жатқан апелляциялық ұғым жайлы айта кетсек артық болмас. Апелляциялық комиссия – табиғат пайдаланушының тексеру нәтижелері жайлы актіге, сондай-ақ осы мәселелер төңірегінде мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың әрекетіне шағымдарын қарау жөніндегі алқалық орган болып табылады. Демек, егер заң жобасы мақұлданса, кәсіпкер тексеру нәтижесіне қарай шағымданудың арнайы үлгілері арқылы апелляциялық комиссия шешімімен сотқа жүгінуге құқылы болады. Сол сияқты, ұсынылып отырған тағы бір елеулі жаңашылдық – Кодекстегі 57-2-баптың 1-тармағындағы 6-тармақшасын мүлдем тастау туралы бастама болатын. Ол жерде «Қоғамдық тыңдаулардың іске асырылуы қоршаған ортаның ахуалына теріс әсер етуі мүмкін жобалар бойынша өткізілуі міндетті» деген талапты алып тастау туралы айтылып, оның кәсіпкер үшін бос әурешілік екендігі түсіндірілді.
Заң жобасын әзірлеуге атсалысып жүрген депутат А.Жамалов тұжырымдамаға енгізілген негізгі өзгерістердің тағы бірі – кәсіпкерлікті санатына қарай бөліп-жаруға қатысты мәселе екендігін алға тартады. «Мысалы, қазіргі заң бойынша шағын кәсіпкер жұмысқа 25 адамнан артық ала алмайды. Егер одан көп жұмысшы қабылдаса, ШОБ (шағын және орта бизнес) иесі ретінде төлейтін салықтар мен айыппұлдың түр-түрі көбейіп, мемлекеттік қолдау көлемі шектеледі. Ол аздай кәсіпкер санатының өзгеруіне байланысты арнайы органдар тарапынан тексерулер санының артатыны тағы бар. Нәтижесінде, кәсіпкерлер өздері дағдыланған біркелкі жағдайдың өзгеруін болдырмау үшін жұмыскерлер штатын көбейтпеуге тырысады және аса қажет болмаса, жаңа жұмыс орындарын ашпайды. Артық тексеріс пен бос әурешілікке негізделген жүгіріс кімге керек?! Бұл қоғамдағы жұмыссыздық деңгейін арттырады», дейді депутат.
Сондай-ақ, осы жиында кәсіпкерліктегі кедергілерді жоятын жаңа тұжырымдаманы жазуға атсалысқан азаматтардың бірі – заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимов те өзгеріс енгізудің себеп-салдарын түсіндіріп берді. Оның пікірінше, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс мәтінінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын тексеру мәселелерін бекітуді нақтылай түсу керек. Яғни, кодекстің 12-бабын бұрын-соңды болмаған апелляциялық комиссия туралы тармақшамен толықтыра түскен жөн. Сондай-ақ, бұл заңдағы медициналық қарап-тексеру туралы 155-баптың 5-тармақшасы да өзгертуді қажет етеді.
Осылайша, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңға сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскердің медициналық сақтандыруға құйған жарналары міндетті болуына байланысты, медициналық қарап-тексеруден өткізу жұмыс берушінің қаражаты есебінен емес, МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек аясында жүргізу ұсынылуда.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
• 27 Қазан, 2016
Заң шеңберіндегі кедергілерді алып тастау ұсынылды

Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12