2013 жылғы 3 шілдеден бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес, Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау: 2001 жылғы 1 шілдеден бастап – ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі. Бұл ретте Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін әйелдерге тағайындау 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 6 айға өседі, яғни 58,5 жасқа толғанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргізіледі. Зейнетақы жасының өсуі 1 қаңтар 1960 жылы туған әйелдерді қамтиды, ал 63 жаста 1 қаңтар 1964 жылдан бастап туған әйелдер зейнеткерлікке шығады.
Қазіргі таңда Мемлекет басшысының зейнетақы реформасы мәселесі бойынша 2013 жылғы 7 маусымдағы тапсырмасын орындау мақсатында зейнетақы жүйесін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмысы жүргізілуде. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – ынтымақты зейнетақы жүйесінің «аяқталуы» және сол себепті ынтымақты зейнетақы мөлшерлерінің төмен болуына байланысты. Бұл 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілінің азаюына байланысты, себебі, зейнеткерлікке жас ұрпақ шығып келеді.
Осыған байланысты, жаңғыртудың міндеттеріне қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандырудың көп деңгейлі үлгісін сақтап қалу, соның ішінде жұмыс берушілердің рөлін күшейтуді қамтамасыз ету және зейнеткерлік жастағы табыс көзін әртараптандыру жатады. Негізгі өзгерістерінің бірі бүгінгі күні барлығына бірдей еңбек өтіліне және табысына қарамастан тағайындалатын базалық зейнетақының тағайындау өлшемін енгізу. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнеткерлік жаста толған кезде ғана (58-63/63 жаста) зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады.
Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем немесе жоқ болған жағдайда, оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөлшерінде белгіленеді. 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға оның мөлшері 2 пайызға ұлғаяды, ал қатысу өтілі 35 жыл және одан көп болса, ол күнкөріс деңгейіне тең болады.
Ұсынылып отырған өзгерістер бір жағынан еңбек өтілі көп болса да, зейнетке шыққан кезде табыстары туралы мәліметтердің болмауына байланысты төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, екінші жағынан қазіргі және болашақ ұрпақтарды еңбекке ынтасын күшейтуге және еңбек қатынастарын заңдастыруға бағытталған. Бұл тәсіл әлеуметтік әділдікті белгілейді, адам көп жұмыс жасаса, онда зейнетақысы да көп болады. Бұл қазіргі және болашақ зейнеткерлер үшін қолданылады.
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шартты-жинақтаушы құрамдауышы енгізіледі. Қазіргі жұмысшылардың еңбекақысынан ұстап қалатын 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналарына қосымша жұмыс беруші өз қаражаты есебінен 5 пайыз зейнетақы жарналарын аударатын болады.
Шартты-жинақтаушы жүйесінен зейнетақы төлемдерін алу үшін ең төменгі қатысу өтілі қарастырылған (60 ай). Осыған байланысты, зейнетақы төлемдерін алу құқығын 5 жылдан кейін иеленеді. 2023 жылдан бастап жарналары аударылған және белгіленген зейнеткерлік жасқа толған (58-63/63) адамдар үшін осы жарналары есебінен, сондай-ақ мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген барлық I және II топ мүгедектеріне зейнетақы төлемдері жүзеге асырылатын болады. Атап кететін маңызды жайт, осы төлемдер өмір бойы ай сайынғы төлем ретінде жүзеге асырылады. Жыл сайын зейнетақының мөлшері БЖЗҚ қаржылық мүмкіндіктеріне және демографиялық көрсеткіштеріне байланысты индекстеледі.
Бұл ретте, заңнамада зейнетақының ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен 2 еседен аспайтыны айқындалған. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен айырмашылығы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен шартты-жинақтаушы құрамдаушының зейнетақы төлемдері мұраға қалдырылмайтынын (себебі, жұмысшының меншігі болып табылмайды) ерекше атап өту қажет.
Бағдарламаның мақсаты – халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін көтеру, халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін қысқарту.
Әлімқұл ТҰРЫСОВ,
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы