Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті жеке сот орындаушысы құқығымен айналысуға лицензия алуға құжаттарды 2011 жылдың 14 наурызынан бастап қабылдаудың басталатындығын хабарлайды.
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия алу үшін жеке тұлғалар келесі біліктілік талаптарына сай келуі тиіс:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) жиырма бес жасқа жетуі;
3) жоғары заңгерлік білімінің болуы.
Қазіргі уақытта, «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылдың 2 сәуіріндегі Заңына сәйкес жеке сот орындаушысы құқығымен айналысуға лицензия келесі тұлғаларға беріледі:
1) тұрақты судьяларға;
2) өз міндеттерін орындау кезінде атына кір келтіретін теріс қылықтары және заңдылықты бұзғаны үшін судья қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдарға;
3) уәкілетті органда және оның аумақтық органдарында атқарушылық іс жүргізу саласында кемінде бес жыл жұмыс істеген немесе істейтін адамдарға, теріс қылықтары бойынша босатылғандарды қоспағанда;
4) прокуратура органдарындағы еңбек өтілі он жылдан кем емес прокурорларға қолданылмайды.
Жеке сот орындаушысы лицензиясын алу үшін мынадай құжаттар ұсынылуы тиіс:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі (СТН);
4) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат (6 АЕК);
5) жоғары заңгерлік білім туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) лицензиарға ұсынғанға дейінгі бір айдан кем емес уақытта арыз берушінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамалары;
7) лицензиарға ұсынғанға дейінгі бір айдан бұрын емес уақытта арыз берушінің тұрғылықты мекенжайы бойынша берілген республиканың барлық аумағы бойынша мәліметтерді қамтыған соттылығы жоқ екені туралы анықтама.
1) оны лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын құзыретті лауазымды адам берген өтініш берушінің судья лауазымындағы жұмысын растайтын анықтама;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тұрақты судья лауазымынан босату туралы Жарлығының немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қаулысының көшірмесі;
3) атқарушылық іс жүргізу саласында кемінде бес жыл, прокуратура органдарында кемінде он жыл жұмыс өтілін растайтын және атқарған қызметінен босатылу себебін қамтитын еңбек кітапшасының немесе өзге де құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Егер лицензия алу үшін тұрақты жұмыс істейтін судья өтініш білдірген жағдайда, онда оның лицензиарға 11), 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынуы талап етілмейді.
Лицензия алу үшін қажетті құжаттарды өтініш беруші жеке өзі немесе азаматтық заңнамаға сәйкес ол уәкілеттік берген өкілі, не тапсырыс хатпен береді.
Уәкілетті органның мекен-жайы: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі 8, 13-кіреберіс, 8-қабат, 805-каб. Анықтама үшін телефондар: 55-25-18, 74-04-45.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру басқармасы
_______________________________________________(лицензиардың толық атауы)
кімнен ________________________________________________________________
(жеке тұлғаның толық тегі, аты, (бар болған жағдайда әкесінің аты))
ӨТІНІШ
Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензия беруіңізді өтінемін.
Жеке тұлға туралы мәліметтер:
1. Туылған күні, айы, жылы _________________________________________________
2. Жеке басын куәландыратын құжатының деректері _____________________________
(нөмірі, кім және қашан берді)
3. Білімі __________________________________________________________________
(мамандығы, дипломының (өзге құжатының) № ),_______________________________
__________________________________________________________________________
оқу орнының атауы, бітірген жылы) __________________________________________
4. Мекен-жайы ____________________________________________________________
5. Жұмыс орны ____________________________________________________________
6. Қоса ұсынылған құжаттар: ________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
__________________ _______________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, (бар болған жағдайда әкесінің аты))
«___»_____________20__ ж.
Өтініштің қарастырылуға алынған күні «___»___________20__ж.
__________________________________________________________________________
(лицензиялау органының жауапты тұлғасының қолы, тегі, аты,
(бар болған жағдайда әкесінің аты)