05 Наурыз, 2011

Түрік елшісімен әңгіме

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенаттың Халықаралық қаты­настар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұл­танов Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лале Үлкермен кездесті. Кездесу бары­сында Қазақстан мен Түркияның екіжақты қатынастары, оның ішінде парламентаралық үнқатысуды одан әрі нығайту мәселелері бой­ын­ша пікір алмасылды. Қазақстан мен Түркия арасын­да­ғы қол жеткен ынтымақтастық деңгейі саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара екі­жақты іс-қимылды табысты дамы­туға мүмкіндік беретіні айтылды. Мемлекетаралық қатынастарды нығайтудағы парламентаралық құ­рам­ның маңызды рөлін атап өте келіп, Қ.Сұлтанов түркітілдес мемле­кет­тердің Парламенттік Ассам­блея­сы (ТүркіПА) деңгейінде өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін атап өтті. Л.Үлкер сондай-ақ екіжақты байланыстарды одан әрі тереңдету жайына тоқталып, Қазақстан мен Түркия арасындағы саяси, эконо­ми­калық және мәдени-гумани­тар­лық байланыстарды қарқынды да­мы­ту үшін барлық жағдай жасал­ға­нын айтты, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.