28 Қазан, 2016

Алтын медальмен марапатталды

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Медицинаны дамытуға қосқан үлесі үшін Мәди Бегалиевке Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығының алтын медалін ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейітжамал Пакеев тапсырды деп хабарлайды «Egemen.Kz» тілшісі. 2013 жылдан бері тағайындалған награданың әзірге екі иесі ғана бар. Соның бірі қолы алтын хирург атанған Мәди Бегалиев. Ол сегіз мыңға жуық күрделі ота жасаған. Оңтүстік Корея медицина орталығының білікті дәрігерлерімен бірігіп, бауырды трансплантациялауға ота жасаған Мәди Бегалиев соңғы жылдары өзінің басшылығымен іске асыра бастады. Ота жасалған науқастар дін аман. 2645_oko_site_1