Алматыда қалалық Іскерлік кеңестің отырысы өтті. Араға жыл салып кездескен кеңестің құрамы биыл 70 пайызға жаңғырғанын ерекше атап өткен жөн. Мегаполистегі мүдделі іскер қауымның басын қосқан ауқымды жиынға қала әкімі Бауыржан Байбек төрағалық етті. Кезекті отырыста Алматы туризмін дамытудың түйткілдері, мемлекеттік бағдарламалар аясында шағын және орта бизнесті қолдаудың жай-жапсары, сондай-ақ Қазақстандағы ритейлді дамытудың мәселесі қаралды.
Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы Іскерлік кеңестің құрамы 35-тен 46 адамға дейін артып, әйелдер саны өсіп отыр. Қала әкімінің айтуынша, бұрынғыдай Іскерлік кеңестің құрамында кездейсоқ адамдар жоқ. Қазіргі құрамда бизнес өкілдері 87 пайызға көбейді.
Қала басшысы ШОБ-тың дамуы туралы айта келе, кәсіпкерлермен мемлекеттік қолдаудың қаржылай және қаржысыз өлшемдері бойынша жұмыстың күшейтілетінін мәлімдеді. Жыл басынан «Бизнестің жол картасы-2020» жобала ры саны – 2,5 есе (228), несие қалтасы – 2 есе (60 млрд дейін), субсидия көлемі 2 есе (12 млрд дейін ) өсті. Шағын кәсіпкерлікке 30 пайыздық өсіммен 636 млрд теңге несие бөлінді, деді әкім.
Қала әкімі экономиканы құратын да, қалыптастыратын да адам капиталы екендігін айта келе, 86 пайызы сауда мен қызмет көрсету саласына тиесілі экономиканың жергілікті құрылымы есебінен жұмыссыздықты төмендетудің бөлек бағдарламасы әзірленіп жатқандығын атады. Бұл бағдарлама туризм не оған қатысты салаларды бейімдейтін болады.
Мәселен, қазіргі таңда Алматыда 137 қонақүй болса, олардың қызмет көрсету сапасы санаттарына сай ма деген сауал жиі алдан шығады. Сол сияқты, әуежайдан бастап туристерді күтіп алу мен шығарып салудың арасында сырттан келген қонақтарды қызықтырудың басқа қандай амалдары бар?
Қала басшысы бұл жиында әлеуметтік салада, индустрияландыру картасы аясында жүзеге асқан жобаларға тоқталды. Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығы шеңберінде 3 335 жұмыс орны құрылған, құны 280,4 миллиард теңге болатын 20 жоба іске қосылған.
Сондай-ақ, Алматы қаласының әкімі мемлекеттік бағдарламалар арқылы өркендеп жатқан кәсіпорындарға ғана емес, өз бетінше дамып жатқан шағын және орта бизнес өкілдеріне де қолдау көрсетіп, назар аудару қажеттігін баса айтты.
Іскерлік кеңесте қол жеткізілген үлкен жетістік – Алматы қалалық әкімдігі мен «Даму» қоры қаланың туризм, инновация және тамақ өнеркәсібі саласын қаржыландыруға 4 миллиард теңге бөлгені туралы меморандумға қол қойылды. Қомақты қаражат қаланың туризм, инновация және тамақ өнеркәсібі саласын қаржыландыруға бағытталады.
Мұнымен қатар, екі тарап «Алматы туризм», «Алматы өнім», «Алматы инновациялар» бағдарламалары бойынша бөлінген қаражаттың кем дегенде 25 пайызы start-up жобаларға берілуі керек деп келісті.
«Алматы қаласы – шағын және орта кәсіпкерлік нысандары жағынан алғашқы орында. Мұнда 182 ШОБ кәсіпорыны бар. Бұл – республикалық көрсеткіштің 15 пайызы. Жұмыспен қамтылған халық саны жағынан да бірінші орында. Дегенмен жеңілдікпен несиелендіруді қажет ететін салалар да бар. Ол – туризм, тамақ өнеркәсібі және инновациялық салалар. Мысалы, «Алматы туризм» бағдарламасы бойынша біз қолөнер шеберлерін ерекше кәдесыйлар жасауға ынталандырғымыз келеді. Бұл алдағы 2017 жылғы Универсиада мен ЭКСПО-2017 кезінде маңызды. «Алматы өнiм» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер тамақ пен алкогольсіз сусын шығаруға жеңілдікті несиеге, фермерлер өз өнімдерін өткізетін нарыққа қол жеткізеді. Ең бастысы, бөлінген қаражаттың 25 пайызы жаңа кәсіпорындар мен жаңа бағыттарды қолға алатын start-up жобаларға бөлінетіні. Әкімдік үшін бұл қала бюджетіне түсетін салық пен жаңа жұмыс орындары», деді «Даму» қорының басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.
Айнаш ЕСАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ
• 29 Қазан, 2016
Бауыржан БАЙБЕК: «Өз күшімен көтерілген кәсіпкерлерге де қолдау керек»

Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52
«Қаражанбасмұнай» жұмысшылары Президентке үндеу жолдады
Еңбек • Бүгін, 16:45
Қызылорда облысында түйе ұрлаған азамат 5 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 16:28
Қан донорларына төленетін өтемақы мөлшері көбейе ме?
Медицина • Бүгін, 16:15