05 Наурыз, 2011

Агенттікпен ықпалдастық жалғасады

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) атқарушы директорының орынбасары Ричард Джонсты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасы мен ХЭА арасындағы ынтымақтас­тық мәселелері бойынша пікір алмасу барысында әлемдік энер­ге­тикалық қауіпсіздікті қамта­ма­сыз етудегі біздің еліміздің ма­ңызды рөлі атап өтілді. Төраға энергетика саласын дамытуды заңнамалық тұрғыда қолдау туралы Р.Джонсты хабардар етіп, энергетикалық секторды нормативтік-құқықтық реттеудегі еуропалық тәжірибені зерделеу­дің маңыздылығын атап өтті. Кездесу барысында жүзде­су­шілер Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды да тал­қы­лады.