01 Қараша, 2016

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан

565 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін
img_6661Жуалы ауданы аграрлық өңір болғандықтан ауыл шаруа­шылығы өндірісіне басымдық берудеміз. Ауданның ауыл шаруашылығы саласында бү­гінде 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 3 өндірістік кооператив, 9 ауылдық тұтынушылар кооперативі, 2151 шаруа қожа­лығы жұмыс істейді. Диқандар биылғы жылдың өнімі үшін барлығы 12 030 гектар күздік, 21 168 гектар жаздық арпа, 272 гектар жаздық бидай, 240 гектар дәндік жүгері сеуіп, одан түскен өнімді дер кезінде жинап алды. Орташа өнімділік ақ егістен орташа есеппен гектарынан 17,5 центнер құрады. Одан басқа 22 037 гектар майлы дақылдан, 639 гектардан көкөніс, 1 846 гек­тардан көпжылдық шөп, 10 гектардан қант қызылшасы жинап алынды. Биылғы жылдың тоғыз айы­ның қорытындылары бойынша ауданның кәсіпкерлік саласында 1 337,1 млн теңгенің өнім­дері өндіріліп, бюджетке 112,8 млн теңге салық төленді. Жалпы, ауданда бюджет бойын­ша болжам сома барлық түрінен асыра орындалды. Аудан аумағында бүгінде 3 738 кәсіпкерлік субъектісі жұ­мыс істеуде, оның ішінде 2 орта, 122 шағын кәсіпорын, 1 463 жеке кәсіпкер бар. Бұл шаруа­шылық субъектілерінде барлығы 8 530 адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығы техникалары жыл өткен сайын жа­ңара түсіп отыр. Оның басым бө­лігі лизинг арқылы алынуда. Мәселен, соңғы бес жылда «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы лизингке 51 дана МТЗ-82 тракторы, 14 комбайн және 15 трактор тіркемесі алынды. Міне, осылайша жылда техникаларды жаңартып отырсақ, бірнеше жылда ауыл шаруашылығы техникаларының жаңарып шыға келетіні сөзсіз. Шаруалар мал басын арттыру мақсатында мемлекет ұсын­ған бағдарламаларды тиімді пай­далануға барынша тырысуда. Соның нәтижесінде төрт түлік мал басы жыл өткен сайын артып келеді. Бүгінде аудан­да 197,1 мың қой-ешкі, 41,2 мың ірі қара, 8,7 мың жылқы, 113,3 мың құс бар. 2010-2014 жыл­дар аралығында «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бо­йын­ша 51 шаруашылық 483,9 млн теңге несие алып, 2 787 бас ірі қара мал сатып алса, өткен жылы ғана 18 шаруа қожа­лығы осы бағдарлама аясында 171,3 млн теңге несие алып, 1008 сиыр, 52 бұқа сатып алды. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 7 шаруашылық 45,7 млн. теңге несие алып, 1 849 саулық, 80 қошқар сатып алды. «Құлан» бағдарламасымен 12 шаруа­шылық 123,3 млн теңге несие алып, 438 бие, 54 айғыр сатып алды. Биыл жыл басынан бері «Сы­баға» бағдарламасы бойын­ша аудан шаруашылықтары 40,1 млн теңгеге 243 ірі қара, «Құлан» бағдарламасы бойынша 6,0 млн теңгеге 248 жылқы, «Ал­тын асық» бағдарламасы бойынша 34,6 млн теңгеге 1 348 қой сатып алды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемле­кеттік қолдау шарасының бірі – «Ырыс» бағдарламасын да аудан шаруашылықтары белсене пайдалануда. Осы бағдарлама бойын­ша «Ахмет» шаруа қожа­лығы биыл 56 асыл тұқымды сиыр сатып алды. Бағдарлама негі­зінен сүт өнімдерін өндіру жә­не өңдеу бағытында жұмыс істейтін кәсіпорындарды қол­дауға бағытталған. Соның ар­қасында кейінгі кезде ауданда сүт өңдеумен шұғылданатын шағын кәсіпорындар қатары көбейіп келеді. Аудан орталығы Бауыржан Момышұлы ауы­лын­дағы «СМТС» ЖШС және «Зағира Мешелова» жеке кәсіп­орны жергілікті тұрғын­дардан сүт қабылдап, одан алуан өнім­дер шығаруда. «Гамбург» ЖШС сүттен кі­легей өндіруді дұрыс жолға қойды. «СМТС» ЖШС сүт өнім­­дерімен қатар, алкогольсіз сусындардың алуан түрлерін жә­не шұжық шығарады. Кезінде дәмі тіл үйіретін сары майымен, кезінде кілегейімен бүкіл Одаққа танылған Бурный ірімшік зау­ыты біраз жыл өндірісті қайта жабдықтауға жабылып қалған еді, енді міне, инвестиция тарту­дың арқасында өндіріс қар­қынын арттыра бастады. Өткен жылы 4-5 тоннамен шектелген кәсіпорын бүгінде өндіріс қуатын 10 есеге дейін арттырып, тұрғындардан күнделікті 40-50 тоннаға дейін сүт қабылдап, өңдеуде. «Гамбург» ЖШС ин­фра­құрылым жобасы бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы несие алып, 800 ірі қара малға арналған тауарлы-сүт фермасын салып, сүт өңдейтін цех ашуды жоспарлап отыр. Су үнемдеу технологиясы бойынша Нұрлыкент ауылдық округіндегі «Гамбург» ЖШС мен «Зылиха» ШҚ егістік және картоп алқаптарын суару үшін заманауи үлгідегі жаңбырлатып суару қондырғысын пайдалануда. Жуалының бір кезде даңқын аспандатқан картоп дақылын өсіру бірнеше жылдан бері қай­­та қолға алынуда. Соның нәти­жесінде картоп алқаптары жыл­дан-жылға артып келеді. Былтыр ол 2 100-ден астам гек­тарға жетсе, ал биыл егілгені –   2 150 гектар. Одан алынған орта­ша өнім гектарынан 226 центнер құрады. Бізде картоп өсіруге қажетті техника жеткілікті. Сапалы тұқым­мен қамтамасыз ету де дұ­рыс жолға қойылған. «Зылиха» шаруа қожалығы жыл сайын Қарағанды облысынан элиталы картоп тұқымын әкеліп, әр гектардан жоғары өнім жинауға күш салып келеді. Ауданның күнгей бөлігіндегі диқандардың жазғы суару маусымында бас ауруына айналған ағын су проблемасы шешімін тапты. Осы алқаптарды суландыратын Көксай арнасы бүгінде толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Елбасының өзінің қолдауы­мен салынған, құны 5,2 млрд тең­гелік ғаламат жобаның игі­лігін бүгінде үш ауылдық округтегі шаруа қожалықтары мен тұрғындар көруде. Жаздың күні ауданымызда облыстық «Егінжай күні» шарасы жоғары дәрежеде өткізілді. Ауыл шаруа­шылығы техникасы көрмесіне облыстағы Шу қаласында құ­рас­тырылған төрт комбайн қойылып, оның үшеуін ауда­ны­мыздың шаруалары сатып алды. Қорыта айтқанда, аудан шаруашылықтарының бүгінгі беталысы жаман емес. Бірі егін­шілікке бет бұрса, енді бірі асыл тұқымды мал өсіру бағытын таңдап отыр. Мұның бәрі Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлықтың арқасында қол жеткен табыстар. Ауданда аграрлық сала­ны әртараптандыру, жаңа техно­логияларды қолданысқа ен­гізу, өңдеуші, ұқсатушы кәсіп­орындарды іске қосу жөнінде бірқатар маңызды шаралар жүзеге асырылуда. Бұл бағытта тың ізденістер де жетерлік. Біз­де өз ісін ашқысы келетін іс­кер азаматтар да аз емес. Көп­шілігін қаржы тапшылығы қинайды. Екінші деңгейдегі банктер кепілсіз несие бермейді. Сондықтан да қаражатқа қол жет­кізе алмай таулары шағылады. Дегенмен, аудан әкім­дігі тарапынан олардың биз­нес-жоспар жасауына және жер алуына қолдау көрсетілуде. Аудан орталығындағы ірі кәсіп­орынның бірі – «Арна Астық» ЖШС біраз уақыттан бері жұмыс істемей тұр еді. Оны «Агро азық-түлік нанмен жабдықтау» ЖШС басқаруға алды. Серіктестік үш қоймаға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, былтырдан бері жаңа астықты қабылдауда. Тағы бір қойманы күрделі жөндеуден өткізіп, мақта, мақсары және күнбағыс майларын шығаратын цехты іске қосты және жем тартатын цех пайдалануға берілді. Құрылыс саласы да жыл санап дамып келеді. 2005 жылдан бері ауданда 13 жаңа үлгідегі мектеп салынып, пайдалануға берілді. 23 балабақша мен 1 шағын ор­талық ыңғайластырылған ғи­ма­раттарда ашылып, бүлдір­шін­дер балабақшаларға баруда. Ер­тай ауылындағы 120 оқушыға арналған орта мектеп ғимараты өткен жылы пайдалануға бе­рілсе, Қошқарата ауылындағы 180 орындық орта мектептің құрылысы биыл аяқталып, жаңа оқу жылы қарсаңында ашылды. Жалпы, ауданда білім беру сапасы да жылдан-жылға көтеріліп келеді. Мектеп бітірушілердің ҰБТ қорытындысы бойынша ауданда өткен жылы облыста 4 орын алса, биыл Тараз қала­сынан кейінгі екінші орыннан көрінді. Ауыл-аймақтарда денсаулық сақтау объектілері көптеп тұр­ғызылып, іске қосылуда. Тек соңғы бірер жылдың ішінде үш ауылда медпункт салынып, пайдалануға берілді. Ал аудандық орталық аурухана қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жарақталған. Ол республикадағы ең үздік 50 аурухана қатарына еніп отыр. Ауданның мәдениет саласында бүгінде бір аудандық орталық, бір ауылдық балалар кітапханасы, 23 ауылдық кітапхана және бір аудандық, 8 ауылдық мәдениет үйі, 12 ауылдық клуб, бір жылжымалы «Зерде» автоклубы, сондай-ақ «Қыз­ғалдақ» ән-би ансамблі, «Жуалы», «Мыңбұлақ» халық театрлары және «Жаңабаевтар» отбасылық ансамблі тұрғындарға мәдени қызмет көрсетуде. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Нұрлыкент, Қызыларық, Жылыбұлақ, Дарбаза ауылдарына ауыз су құбыры тартылып, тұрғындар сапалы ауыз суға қол­дары жетіп отыр. Ауданға таби­ғи газ құбырларын тарту жұмыстары өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында қолға алынған. Соның арқасында аудан орталығы мен іргелес бірнеше ауыл газдандырылды. Нарықтық қатынастарға көшкен тұста тоқтап қалған бұл жұмыс соңғы жеті-сегіз жылда қайта жанданып, ауданның оннан астам елді мекеніне газ кіргізілді. Әлі тағы да 19 ауылға газ кіргізу межеленіп отыр. Бүгінде аталған елді мекендерге газ тарту жұмыстарының жо­балау-сметалық жоспары әзірлену үстінде. Әрине, бұл мақсатты жұ­мыс­тар түптеп келгенде, ауыл халқының тұрмысы мен әл-ауқатын көтеру, ауыл шаруа­шылығын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық деп ұққан жөн. Соңғы кездері ауданда жеке тұрғын үй салушылар қатары да артып келеді. Жеке сектордың есебінен үстіміздегі жыл басынан бері жалпы ауданы 6 656,0 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылыстарымен бірге қа­был­данды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,4 пайызға артық. Ауыл-аймақты көріктендіру де тұрақты назарымызда. Көк­темде ауыл-аймақты тазалау, тал-дарақ егу, аллеялар мен гүл­­зарлар дайындау, жол бо­­йын­дағы ағаштарды, кіші сәу­лет нысандарын әктеу, сырлау жұмыстарына басымдық берілсе, одан әрі жұмыс тіке­лей көріктендіру, көркейту бағы­тында жүрді. Батырбек датқа ескерткіші мен кесенесінің айналасы, Жастар аллеясы, «Жа­сай бер, Қазақстан» саябағы қор­шалып, асфальт төселіп, тал-дарақтар мен сәндік ағаштар егі­ліп, көркейе түсті. Көшелерге ор­­натылған түрлі жарық түсіру ас­паптары түнгі ауылдың ажарына ажар қосып тұр. Аудан орталығындағы тротуар, көпірлер ретке келтіріліп, сырланып, гүлдестелермен бе­зен­­дірілді. Көшелерге сән бер­гіш жарықтар орнатылды. Аудан орталығындағы Бауыржан Мо­мыш­ұлы ескерткішінің жанынан «Жұлдызы биік Жуалы» атты аллея жабдықталып, онда жуалылық Еңбек Ерлерінің, Халық Қаһармандарының пор­треттері қойылды. Аллеяның бір бетіне ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандарына, екінші жақ бетіне ауған соғы­сы ардагерлеріне арналған ескерткіш-монумент орнатыл­ды. Сол жолдың бойында биік­теген өзіміздің «Бәйтерек» мону­ментіміз төңірекке әр беріп тұр. Осылайша бұл аумақ әрі тағылымды, әрі көрікті саябаққа айналды. Орталық алаңдағы сахна және рәміздер стелласын қайта жаңғыртуды көздеп отырмыз, орталық аурухана маңайына автотұрақ жасалды. Осындай жұмыстар ауылдық округтерде де жүргізілді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сай оннан астам ауылдың орталық көше­лері жарықтандырылды, бір­неше ойын алаңы салынып, ал­леялар қайта жөндеуден өткізілді. «Үдемелі индустриялық-инно­вациялық даму» мемлекет­тік бағдарламасы аясында Нұр­лыкент ауылында «Бурное солар» компаниясымен Орталық Азияда теңдесі жоқ қуаттылығы 50 мегаватты құрайтын құны 23,5 млрд теңге күн электр стансасы са­лынып, іске қосылды. Ен­дігі кезекте қуаты дәл осындай тағы бір стансаны сол арадан са­лып, іске қосу қарастырылып отыр. Аудан басшылығының алда­ғы уақытта аудан экономикасын дамыту бағытында қолға алатын батыл жобалары бар. Атап айтқанда, Иран инвесторларымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде аудан аумағынан 400 гектар жерге қызыл балық (форель) өсіру және дәрілік өсім­діктерден дәрі-дәрмек өн­діру жобалары пысықталуда. Өзіміздің кәсіпкерлеріміз Көк­сай­дың аңғарынан шағын су электр стансасын салуды жос­пар­лап отыр. Сонымен қатар, ауданның аграрлық бағытын негізге ала отырып, келешекте өңірде сүт кластерін құру жоспарда бар. Осы мақсатта 15 шаруа қожа­лығы біріктіріліп «Жуалы Ала­тау» ауыл шаруашылығы коо­перативі құрылды. Сондай-ақ, Билікөлден 20 гектар аумаққа балық питомнигін ашу, 200 мың АҚШ долларына 50 гектар алма бағын интенсивті жолмен өсіру секілді жобалар қарастырылуда. Аудан аумағынан көктеп өтіп жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің транзиттік мүмкіндігін пайдалануды көздеп, аудандағы мекеме, сала басшыларымен ойласа келе, күрежолдың ауда­н орталығына кіреберіс тұсы­нан демалыс орталығын салуды жоспарлап отырмыз. Жуа­лы ауданының құрметті азама­т­тарының есімі жазылған аллея бітуге таяу. Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан әске­ри бөлім қызметкерлеріне арнап салынып жатқан 120 пәтерлік бес үйдің құрылысы да аяқталып келеді. Ауданда барлық салада өз кәсібінің білікті маманы атанып, еліміздің өсіп-өркендеуі, гүлденуі жолында аянбай тер төгіп жүрген азаматтар аз емес. Жуалының аты сондай азаматтармен айбынды әрі асқақ. Биыл біз Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығын атап өтеміз. Ел өмі­рін­дегі осынау мерейлі оқиға қар­саңында ежелден ынтымағы мен бірлігі жарасқан Жуалы жұрты жұмыла еңбек етіп, Ота­ны­мыздың өсіп-өркендеуіне лай­­ық­ты үлес қосатыны анық. Бақтияр КӨПБОСЫНОВ, Жуалы ауданының әкімі Жамбыл облысы Суреттерді түсірген Ақәділ РЫСМАХАН img_8217 img_8105 img_8253 img_8269