Бүгінгі күні Қазақстан шетелдік мемлекеттермен адамдарды экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ сотталғандарды тапсыру туралы халықаралық шарттар жасасу бойынша 50-ден астам екіжақты шарт жасасты. Олардың 27-сіне соңғы бес жыл ішінде қол қойылған. Қол қойған елдер қатарында Үндістан, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания секілді әлемдік державалар бар.
Жалпы, Бас прокуратура қылмысқа қарсы күрес, азаматтардың құқықтары мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасауға уәкілдік берілген мемлекеттік орган ретінде, тұрақты негізде шетелдік мемлекеттермен адамдарды экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ сотталғандарды тапсыру туралы халықаралық шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Еуропалық әріптестерімен жүргізілген жұмыс нәтижесінде Венгриямен, Испаниямен, Италиямен, Румыниямен және Сербиямен халықаралық шарттардың толық блогы жасалған.
Сонымен қатар, Ұлыбританиямен, Монако Князьдігімен және Чехиямен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісімдерге қол қойылған. Бұл ретте Македонияның, Португалияның, Хорватияның, Исландияның және Ирландияның уәкілетті органдарымен келіссөздер сатысындағы жұмыс жүргізілуде. Бұдан басқа, еліміз екі америкааралық конвенцияны ратификациялады. Олар – қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы және сотталған адамдарды тапсыру туралы конвенциялар. Ал қазір адамдарды беру туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Ағымдағы жылы Қазақстан Президентінің шетелдік мемлекеттерге ресми сапарлары шеңберінде 5 мемлекетаралық шартқа қол қойылды (Иранмен сотталған адамдарды тапсыру туралы келісім, Сербиямен адамдарды беру туралы, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы және сотталғандарды тапсыру туралы шарттар, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қылмыстық сот ісіне қатысушыларды қорғау туралы келісіміне Хаттама). Жыл соңына дейін биылдың күзіне жоспарланған Қазақстан Президентінің Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапары шеңберінде Сауд Арабиясы Корольдігімен 2 шартқа (сотталғандарды беру туралы және тапсыру туралы) қол қойылды. Және Иордания Королінің Қазақстанға ресми сапары барысында Иордания Хашимит Корольдігімен 3 шартқа (адамдарды беру туралы, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы және сотталғандарды тапсыру туралы) қол қою жоспарланып отыр. Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы америкааралық АСЕАН конвенциясына (10 қатысушы) қосылу бойынша жұмыс жүргізілуде екендігін де айта кеткен жөн.
Еуропа Кеңесінің қылмыстық сот ісі саласындағы төрт конвенциясына қосылу үшін жағдайлар жасау мақсатында 2015-2017 жылдарға есептелген Еуропалық одақ пен Еуропалық Кеңес Бірлескен бағдарлама-жоспары іске асырылуда.
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»