05 Наурыз, 2011

Қыз-келіншектерге арналған жәрмеңке

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ла­малар бөлімі 8 наурыз – Ха­лықаралық әйелдер күні қарса­ңында бірыңғай нәзік жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды. Оның да реті бар. Бөлімде жұ­мыс­сыздар ретінде тіркелген 567 адамның 427-сі қыз-келіншектер. Мұның өзі жұмыс­сыз әйелдердің екі қолға бір жұ­мыс табуы қиын екенін көрсетсе керек. Осы мәселені оң шешу мақ­сатында ұйымдастырылған жұ­мыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан он кәсіпорын нәзік жандар үшін 164 жұмыс орнын­ ұсынды. Жәрмеңкеде әсіре­се, банк қызметкерлеріне, есепшілерге, аспаздарға,  сатушыларға,  бағдарламашыларға, медицина қызметкерлеріне сұраныс жо­ғары болды. Қыз-келіншектерді жұмысқа алуға «Ақтөбе кондитер фабрикасы», «Қабиев и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және «Ақбұлақ» акционерлік қоғамы ынталылық танытты. Жәрмеңкеге келген 200-ден астам жұмыссыз қыз-келіншектердің арасынан біразы өзіне лайықты еңбек орнына шақырылып, мереке қарсаңында көңілдері көтеріліп қалды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.