02 Қараша, 2016

P4P рейтингінде Канело Головкиннің алдына шықты

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
lzhd Forbes басылымы ең табысты pound-for-pound (салмақтан тыс) боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Қазан айындағы рейтингте де әдеттегідей, мексикалық боксшы Сауль Альварес «Канело» көш бастап тұр. Соңғы Лиам Смитпен өткен жекпе-жегінде ол AT&T Stadium-ға 50 мың көрермен жинады және 300 мың PPV жасады, жалпы саны 20 миллион доллар табыс тапты. Қазақстандық Геннадий Головкин екінші орында тұр. Түрлі басылымдардың хабарлауынша, қазан айында GGG Келл Брукпен шайқасы үшін 3 миллионнан 5 миллион долларға дейін табыс жинаған. Егер Головкин желтоқсан айында Дэниел Джейкобспен кездесу өткізсе, бұл сома үш есеге көбеймек. Сондай-ақ, тізімге Андре Уорд, Сергей Ковалёв, Владимир Кличко, Кит Турман, Деонтей Уайлдер, Теренс Кроуфорд, Роман Гонсалес «Чоколатито» және Эррол Спенс енген. Қаржылық рейтингтен бөлек, Forbes әдеттегі P4P рейтингін жариялады. Онда Геннадий Головкин Роман Гонсалес (1-ші) пен Андре Уордтан (2-ші) кейін үшінші орынға табан тіреді. Одан кейінгі орындарға Сергей Ковалёв, Теренс Кроуфорд, Сауль Альварес, Василий Ломаченко, Гильермо Ригондо, Келл Брук және Кит Турман жайғасқан.