05 Наурыз, 2011

Топтасқандық белгісі

388 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабы кең ауқымды сайлау науқанын елімізде референдум өткізу жөнінде бастама көтерген Шығыс Қазақстан облысынан бастады. 4 наурызда «Нұр Отан» ха­лық­тық-демократиялық партия­сы­ның бастамасымен құрылған, құра­мы­на саяси партиялар жетекшілері, еліміздің танымал қо­ғам қайрат­керлері, үкіметтік ем­ес ұйым мү­шелері кіретін «Қа­зақ­стан-2020» жалпыұлттық де­мо­кратиялық күш­тер коалиция­сының өкілдері Шығыс Қазақ­стан облысына келді. С. Аманжолов атындағы Шы­ғыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен кездесуде «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығ­мату­лин: «Нұр Отан» халықтық-де­мо­кра­тиялық пар­тия­сының XIII съезін­де делегаттар президенттікке кандидат етіп партия Төр­ағасы Нұр­сұлтан На­зарбаевты ұс­ынғаны белгілі. Бәріңізді ал­дағы сайлауда Н. Назарбаев үшін дау­ыс беруге шақырамын», деді. Сондай-ақ Нұр­сұлтан Әбішұлы­ның кан­ди­да­турасын қолдауға үндеп «Әді­лет» демократиялық пар­тия­сы­ның төр­ағасы Мақсұт Нәрік­баев, жазушы Бақытбек Сма­ғұл сөйледі. Қа­зақ­стан Жазушы­лар одағының төр­ағасы, ақын, Мемлекеттік сый­лық­тың лау­реа­ты Нұрлан Ораза­лин­нің сөзі көп­шілікке ұнады. Абай, Шәкәрім, Әуезов сияқты алыптарды дү­ние­ге әкелген қа­си­етті Семей то­пырағына басы­мыз­ды иеміз. Осыдан бір ай бұрын осы жерде, осы залда Кенді Алтай тұрғын­дары елімізде референдум өткізу туралы бастама кө­тер­гені белгілі. Референдум да демо­кратиялық құндылық. Бірақ сайлау өткізген жөн деп шешілді. Шырайлы Шы­ғыс тұрғында­ры­ның Нұрсұлтан Назарбаевтың кан­дидатурасын қызу қолдай­ты­нына сенемін, деді Н.Оразалин. Бұдан кейін Парламент Мә­жі­лі­сінің депутаты В. Нехорошев, бас­қа да адамдар сөз алып, Н.На­зар­баевтың кандидатурасын қол­дай­тындарын жеткізді. Актив жи­ы­нына елімізге есімі белгілі ақын-жа­зушылар, өнер адамдары қатысты. Сол күні Н. Нығматулин бас­таған коалиция мүшелері Өске­мен арматура зауытында кәсіп­орын жұмысшыларымен кездесті. Түстен кейін Шығыс Қа­зақ­стан мемлекеттік университетінде бюджеттік сала қызмет­кер­ле­рімен, ал Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде қа­ла тұрғындары, жоғары оқу ор­ындарының ұстаздары және студенттерімен кездесулер болды. Жұма күні түс ауа Демо­кра­тиялық күштердің қоғамдық коалиция мүшелері Семейге келді. Үш топқа бөлінген олар бірден іске кірісіп, қала жұртшы­лы­ғы­мен үш жерде кездесу өткізді. «Нұр Отан» халықтық-демо­кра­тиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығ­­матулин бастаған топ «СемАз» жауапкершілігі шектеулі се­рік­тес­тігінің ұжымымен кездесті. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Владимир Нехорошев, Кәсіподақтар федерациясының төр­ағасы Сиязбек Мұқашев, «Ата­мекен» одағының төрағасы Азат Перуашев пен «КазТрансГаз Ай­мақ» акционерлік қоға­мы­ның бас директоры Қайрат Шәріпбаевтың пікірлері де соңғы жылдары Қа­зақстанда қол жеткен табыстар тө­ңірегінде тоғы­сып жатты. Ал Қа­зақстанда тұ­рып жатқанын мақ­тан тұтатынын мәлімдеген кәсіп­орын жұмыс­шысы Андрей Щеглов ал­дағы сайлауда семейліктерді ғана ем­ес, бүкіл қазақ­стан­дық­тарды Нұр­сұлтан Назар­баевтың кан­ди­да­турасын қолдау­ға шақырды. Оңдасын ЕЛУБАЙ, Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Шығыс Қазақстан облысы.