05 Наурыз, 2011

Тағы 15 байқаушы тіркелді

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда Қазақстан Республи­ка­сының кезектен тыс президенттік сайлауының үдерістерін бақылайтын халықаралық байқау­шыларды тіркеу туралы қаулы қабылданды. Орталық сайлау комиссия­сы­ның мүшесі Татьяна Охлоп­ко­ва­ның хабарлағанындай, 4 наурызда Орта­лық сайлау комиссиясына 15 байқаушы тіркелді. Олардың 10-ы ТМД Парламенттік Ассамблея­сы­нан, 2-еуі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Парламенттік Ассамблеясынан, 3-еуі Тә­жікстан Рес­публикасынан. Тіркелген байқаушылардың саны қазірге 74-ке жетті. «Егемен-ақпарат».