05 Наурыз, 2011

Жаңашыл істер дәуірі

317 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жолдауларда алға қойылған мін­деттерді жасампаз істер дә­уі­рі деп сипаттауға болады. Осы­мен онын­шы рет жолданып от­ырған мерей­тойлық Жолдау елі­міздің әрбір аза­матының өміріне жаңа үміттер мен жаңа мақ­саттар енгізетіндігімен маңыз­ды. «Бейбітшілік пен жасам­паз­дық­тың жиырма жылы» ұраны – еліміздің өткен уақыттағы ерен та­быстарын саралап, алдағы он жыл ішіндегі жаңа мақсаттар мен міндеттерді белгілейді. Республика экономикасының ин­дустриялық-инновациялық да­му­ы­на және, ең алдымен, эко­но­ми­каның аграрлық секторы­ның даму­ы­на басты назар ау­да­рылып отыр. Шағын және орта биз­нес­тің дамуы­на тікелей қа­ты­сы бар «Мықты бизнес – мықты мемлекет» ұраны басым болуы қа­жет­тілігімен келіспеуге болмайды! Еліміздің және оның азамат­тарының дамуы үшін шешуші мәні болуы тиіс «әлеуметтік өз­герту» жоғары бағаға лайық. Біріншіден, білім беру жүйесінің реформасы. Оларға кәсіптік кадр­ларды даярлау үшін Ұлттық кеңес құру, 2015 жылға қарай 12 жыл­дық білімді ендіру, Қазақ­станның әрбір азаматы­ның «Өмір бойы білім алу» деген басты принципін анықтау және бекіту жатады. Ғы­лым сала­сындағы реформаларды назардан тыс қал­дыруға болмай­ды: ғылым канди­даты және док­торы ғылыми дәре­желерін алу­дың ескірген және тиімсіз жүйе­сінен «бакалавр – магистр – PhD док­то­ры» академиялық дәреже­ле­рін алу­­дың нақты қолданыстағы жү­йе­сіне өту керектігі өмір та­ла­бы. Со­нымен қатар, университеттік білім мен ғылым да­муы­ның жа­ңа дең­гейін қамтамасыз ету міндеті қой­ылғаны жоғары мектеп үш­ін аса маңызды болып табылады. Жолдауда елімізде 12 жыл­дық оқу ендірілетіні, ал 2020 жыл­ға дейін барлық қазақ­стан­дық балалар мектепке дейінгі сапалы біліммен қам­тамасыз етілетіні атап көрсетілді. Кәсіптік-тех­ни­калық мек­тептердің ма­те­ри­ал­дық база­сы түбегейлі өзге­ріс­ке ұшырай­ды, ал жоғары оқу ор­ындары ин­но­вациялық жоо мо­деліне өтуі тиіс. Денсаулық сақтау саласын­дағы реформалау перспекти­ва­сы, атап айт­қанда, «көлік меди­цинасы», «өлім санын 11 па­йыз­ға дейін азайту, бала туу санын 25 пайызға дейін көбей­ту», «2015 жылға қарай өмір сүру ұзақ­ты­ғын – 70 жасқа, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа және одан да көп жасқа дейін ұлғайту» өскен елдің биік мақсатын айғақтайды. Николай ДРИДЖ, Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты.