02 Қараша, 2016

Головкин ең табысты боксшылар тізіміне енді

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық Геннадий Головкин ең табысты Pound-For-Pound боксшылар ондығында Forbes басылымының жаңартылған рейтінгінде екінші болып тұр, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл тізімде Головкин бұрынғысынша мексикалық Сауль "Канело" Альвареске жол беріп тұр. Алварестің соңғы жекпе-жегі 20 миллион доллар жинаған болатын. Ал Головкин түрлі басылымдардың мәліметінше, Келл Брукпен қыркүйекте өткізген жекпе-жегі үшін үштен бес миллион долларға дейін табыс тапқан. Бұл гонорар GGG үшін рекордты болып келеді. Ең табысты P4P боксшылар ондығының тізімі келесідей: 1. Сауль "Канело" Альварес; 2. Геннадий Головкин; 3. Андре Уорд; 4. Сергей Ковалев; 5. Владимир Кличко; 6. Кит Турман; 7. Деонтей Уальдер; 8. Теренс Кроуфорд; 9. Роман Гонсалес; 10. Эррол Спенс.