06 Наурыз, 2011

Үміткерінен үміттері үлкен

485 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы президенттігінен үміткерлердің сай­лауалды үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. «Қазақстанның патриоттар партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынған Ғани Қа­сымов­тың есімі мұның алдындағы президенттік сайлауға қатысуымен, Парламент Сенатының депутаты ретіндегі қызметімен көпшілікке жақсы таныс. «Қазақстанның патриоттар партиясы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының хатшысы Николай Выходецтің айтуынша, қазірдің өзінде партия­ның облыстық сайлау штабы жұ­мыс істеуде. Әзірге өз үміткерлерін қолдау жөніндегі үгіт-насихат жұмыс­тарына дайындық шаралары да тиянақталып қалыпты. Штаб құ­ра­мы 10 адамнан тұрады. Оның жа­нынан 50-ге жуық үгітшілер анық­талған көрінеді. Олардың ара­сында есімдері өңірге белгілі ғалым Үкітай Байжомартов, еңбек ардагері Дүкенбай Иманғалиев секілді танымал азаматтар бар. Қазірдің өзінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде керекті көрнекіліктер жеткізілген. Партияның атрибуттарымен, жалау және жалаушалармен қамта­ма­сыз етілген. Үгіт-насихат ма­териалдары жапсырылатын жер­ле­р­дің мекен-жайлары хабарлан­ған. Мұндай штабтар аудандарда да ашылыпты. Филиал хатшысы жалпы об­лыстағы 40 мыңға жуық партия мүшелерінен басқа да қол­дау­шылар болатынына сенімді. Оған президенттіктен үміткер Ғани Қасымовты қолдап қол жинау барысында жанашырлық та­ныт­қандардың көп болғанын дә­лел ретінде алға тартты. – Біздің ұранымыз «Біз х­а­лық­пен біргеміз» болған­дық­тан, бізге бүйрегі бұратындар көбейе түседі деп ойлаймын. Әзірге біз­дің партияның үміткері өңірі­мізге қашан келетінін хабарлай қойған жоқ. Сонда да біз қамсыз емеспіз, үгіт-насихат жұ­мыс­та­рын енді-енді жандандыра түсе­міз. Бұл бағытта өткен сай­лау­дағы тәжірибемізді де пай­дала­на­мыз, – дейді Н.Выходец. «Қазақстанның патриоттар пар­тиясы» қоғамдық бірлестігі облыс­т­ық филиалы жанынан ашыл­ған сайлау штабы сай­лауал­­ды үгіт-на­си­хат жұмыстарын жүр­гізуге да­йын. Штаб жұмысы президенттік сай­лаудың әділ және ашық өткізі­луіне бағытталмақ. Филиал хатшы­сы Николай Вы­хо­дец саяси науқан­ның елді бұ­рынғыдан гөрі де ын­тымақ­тас­тыра түсетінін мә­лім­деп отыр. Ол мұндай баламалы сай­лау­дың еліміздегі демократия­ның жар­­қын көрінісі екенін атап өтті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.