06 Наурыз, 2011

Сапары қала көшелерінен басталды

402 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Орталық сайлау комиссия­сында Қазақстан Республика­сы­ның президенттігінен үміткер Қа­зақстан Коммунистік халық­тық партиясы Орталық коми­теті­нің хатшысы Жамбыл Ах­мет­бековтің сайлауалды штабы­на қарасты «Шы­найы сайлауды қолдау» қо­ғам­дық орталығы құрылды. Оның мақсаты – сайлау құ­қық­тары ескерілмей, қорғалмаған аза­маттарға қолдау көрсету. Қазір пар­тияның өзі де президенттіктен үміткерге қолдау көрсету үшін жан-жақты жұмыс жүргізуде. Ал­ды­мен үміткерді қолдауға қол жинау жұмысы сәтті аяқталды. Бұл ауқымды жұмыс ҚКХП-ның бар­лық облыстық, аудандық, қала­лық комитеттерінің және бас­тауыш ұйым­дардың атсалысуы­мен іске асты. Қол жинауда белсенділер, жақ­таушылар мен тілектестер көмек көрсетті. Осы аптада партияның аты­нан президенттікке түсіп жатқан Ж.Ахметбековтің сайлауалды тұ­ғырнамасы жарияланды. Мұнда партияның экономиканы дамы­ту­да, халықтың әлеуметтік-тұр­мыс­тық жағдайын жақсартуда ал­дына қойған мақсаты мен сайлау нау­қаны кезінде партияның атқа­ра­тын жұмыстары туралы мәлі­мет­тер келтірілген. Сонымен бірге, осы жетіде ҚКХП-ның президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің сай­­лауалды штабында елімізде тіркелген үкіметтік емес ұйым­дар, дип­ломатиялық корпустар мен кон­сул­дықтардың қызмет­кер­лері­мен кездесуі ұйымдасты­рыл­ды. Оған ЕҚЫҰ мен шет ел­дің бір­қатар елшілері қатысып, штаб­тың жұ­мысымен танысты. Кездесу нә­ти­жесінде бақылау ор­ганын құру ту­ралы шешім қабыл­дан­ды. Енді бұл орган Ж.Ахмет­бековтің сай­лауалды жұмысымен күн сайын та­нысып, оған баға беріп отыратын болады. Ал кеше Астанада партияның сайлауалды штабының ұйымдас­тыруымен «Үгіт-насихат пойы­зы» аталатын іс-шара өтті. Ол та­ңер­тең­нен кешке дейін жалғасып, қа­ла­ның бірнеше көшесін қам­ты­ды. Мұнда «ГАЗель» автокөлігіне мінген азаматтар сағат 11.00-ден бастап Бараев көшесі, Республика даң­ғылы, одан кейін Есенберлин кө­ше­сіне шығып, Жеңіс даңғы­лы­мен жүріп өтті. Одан әрі Абай даң­ғылы, Кеңесары көшесімен жүр­ген авто­көлік Абылай хан, Тәуел­сіздік, Мо­мышұлы даңғылы, Тоқпанов кө­ше­сі, Ақорда маңайы мен Сыға­нақ көшесі, Қабанбай батыр даң­ғы­лы арқылы Тәшенов,  Уәли­ханов пен Иманов көшесіне жетті. Енді бүгін Ж.Ахметбековтің елімізді аралап, сайлаушылармен кездесуге арналған сапары бас­та­лады. Ол алдымен Ақмола облы­сы­ның Қорғалжын ауданына ба­рып, өзі туып-өскен Шалқар елді мекенінде болады. Одан кейін 9 наурыз күні Көкшетау, келесі күні Петропавл, Қостанай қалаларына сапар шегеді. Бұл жерлерде ол автокөлікпен жүреді. Дастан КЕНЖАЛИН.