06 Наурыз, 2011

Жүректе иман, жүзінде нұр шалқыған

499 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Зара апаны Кереку өңірінде білмейтін адам жоқ Жиырма жылдай уақыт өңір­дегі мұсылман әйелдері лигасы облыстық бөлімшесін басқарып келе жатқан, «ана тіліміз, сабырлы діліміз, ұлық дініміз жаңғырсын, ою-өр­нек­ті салт-дәстүріміз оралды, оя­ның­дар, қазақ болыңдар» деп қай жерде болмасын ай­нала­сына айтып жүретін жа­ны да, келбеті де келіскен Зара Қаб­дыш­қызын Кереку өңі­рінде біл­мейтін жан жоқ шы­ғар, сірә. Дархан пейіл, пара­саты мол әжелік баспалдаққа аман-есен жеткізген ма­ғы­на­лы ғұ­мыр Зара апаға әдемі қар­таю­ды, айналасын жылы шуаққа, мейірімділікке бөлеп жүруді осылай сыйласа керек. Жетпіс жылдық мерей­тойында еліміз­дің Мәдениет министрі Мұх­тар Құл-Мұ­хам­мед, облыс әкі­мі Ба­қыт­жан Сағынтаев және Алматы мен Астанада тұратын көп­теген қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері нұрлы сөздерге толы құттықтау хат­тарын жолдапты. Қазақстан хал­қы Ассамблеясы облыс­тық бөлімшесінің төрағасы Идаят Әбдіхалықов Ас­сам­блея­ның күн­делікті жұмы­сын­да Зара апа­ның еліміздегі достық пен татулыққа, ұлт­тық мә­дени ор­та­лықтар ара­сындағы жарқын бай­ла­ныс­ты нығайтуға қос­қан ең­бегі орасан зор, бә­рімізге үлгі-өнеге, – десе, облыс­тық еврей этномәдени бір­лес­тігі­нің төр­айы­мы Фаина Свечинская ме­нің құр­бым, Зара апа­ла­рың ол біріншіден елінің па­трио­ты, на­ғыз қазақ әйелі, ол ылғи да жай­дары, жар­­қын мінезде жү­реді, сол үшін де оның жаны жас дер едім. Дос­тары әртүрлі ұлт өкіл­дері, біз бәрі­міз де, ол кісіні әрқа­шан құр­мет тұта­мыз, дейді. Зара апа басқара­тын лиганың құра­мы­нан «Ару-Ана» ат­ты әже­лер ансамблі құ­рылып, репертуа­рында жиыны жүзге жу­ық па­триоттық тақырып­тағы жә­не ха­лық әндер айтылып, облыс өмі­ріндегі бүкіл мереке, жиын-той­дың мәні мен сәніне айналуда. Әжелер жылына 30-ға жуық концерт ұйымдастырып, ауыл-ау­дан­­дарға барып тұрады. Ал, жалпы апамыз басқаратын мұ­сыл­мандар әйелдер лигасы жер­гілікті жердегі әртүрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан Ас­самблеяның бір түп қа­зығы іспетті. Өзге ұлттық орта­лық­тар­дың барлығы да Зара апа­ның пара­саттылығына, кең пейілді мінезіне, отаным, елім, қаза­ғым, жерім деген асқақ патриот­ты­лығына сүйсініп, тәнті болып келеді. Ал, бұл кісінің туған ана тілінде сөйлеген сөздерін ес­тісеңіз, таң­ғаласыз. Екі­нің біріне дарымаған бұл да бір жақсы қа­сиет. Елге, халыққа, оның ішінде өзгеге де ой салатын сөз бастау, сөз айту бәрінен де қиын екені тағы белгілі. Негізінде, апамыз­дың туыс­тары арғы аталарын қазақтың өр­шіл ақыны Сұл­тан­махмұт Торай­ғы­ровпен бай­ла­ныс­тырады. Ақын­ның үрім-бұ­тағы екенін апа­мыздың шабыт­танып, көп­ші­ліктің алдында жарқ етіп, шарық­тап, іштегі ой­ла­рын ғажап сөз­дермен төгіп-тө­гіп жібергенде анық байқайсыз. Әсер­ле­ніп, көп­ке дейін тоқтай алмай­ды. Ба­сынан ақ орамалы түспе­ген, ұлт­тық киімі жарасқан мұ­сыл­ман­дық салт-дәстүрлерге сай мінез-құлқы, болмысы ай­наласын ерекше нұрландырып тұ­ратын апа­мыз­дың жүріс-тұ­рысы да, сөй­леу мәнері де қыз-келіншек­тер­ге, әй­ел­дерге үлгі-өне­ге. Хал­қының қа­сиетті дәс­түрлерін өзге­лерге та­ныс­тыра, ұқтыра біледі. Ол кезінде облыс орталығында ашылған Абай атын­дағы жалғыз қазақ мектебінде оқыпты. Ал­ма­ты­дағы Қыз­дар педаго­гикалық инсти­ту­тын география пәні бо­йынша бітіріп, осы мектебіне қайта орал­ған. Ол осы қазақ мектебінде 35 жыл ұс­таздық етіпті. Осы мектеп қа­быр­ғасында жүріп, өзінің өмір­лік жары, немере­ле­рінің атасы Қажыкен ағамен та­ны­сыпты.Тағ­­дыр деген қандай, қазір, міне, екеуі елу жылдай уақыт бірге өмір сүріп келеді. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар.