08 Қараша, 2016

Бизнестегі бәсекелестікке заңнамалар кедергі болып отыр – Бишімбаев

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бүгін Үкімет отырысында бәсекелестікті қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің жаңа тәсілдері туралы баяндады. Қазақстанда ЭЫДҰ-ның стандарттарына сәйкес келетін монополияға қарсы заңнама бар, бірақ ол бәсекелестікті өз деңгейінде дамыта алмай отыр. Ведомство деректері бойынша себептердің бірі көбінесе бәсекелестіктің базалық қағидаттарына қайшы келетін салалық заңнама нормаларымен байланысты болуда. «Нәтижесінде, базалық нарықтарда бәсекелестіктің заңды негіздерде дамуы үшін жаңа субъектілердің кіруі үшін ең серілмейтін әкімшілік, экономикалық, техникалық және басқа да тосқауылдар жасалған», деді министр. «Осы ретте, салалардың құрылымын өзгертуге және бәсекелестікті дамытуға бағытталған салалық заңдарға өзгеше «ревизия» жүргізу» қажет. Алайда, мұнда базалық салалардың реформалануы талап етілетіндіктен, бұл жұмысты біртіндеп жүргізу қажет. Бұл бәсекелестік қағидаттарына қайшы келетін нормалар менережелерді алып тастау не қарапайым реттеудің транспареттілігі мен ашықтығынқамтамасыз ету болады. Қазақстанда жүк және жолаушылар тасымалы, авиатасымалдар, электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, мұнай өнімдерін өңдеу және онымен жабдықтау және қант өндірісі сияқты базалық нарықтарда 3-4 ірі үстем құрылымдар әрекет етеді. Тұтастай алғанда бәсекелес ортадағы ағымдағы жағдайды нарықтардың сақталатын олигополиялық құрылымы ретінде сипаттауға болады», деді Қ.Бишімбаев. Динара БІТІКОВА, "Егемен Қазақстан"