10 Қараша, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №658 

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 3 қараша, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Достық» кедені» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Достық» кедені» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын. 2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №22, 205-құжат) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі» деген 1-бөлімде: мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын: «56-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Достық» кедені.»; 237-тармақ алып тасталсын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ