Фото: ҚФФ
Аустрия-Қазақстан матчы Линц қаласындағы «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 23.45-те басталады деп жоспарланған.
Бұл ойынға шотландиялық төрешілер қазылық етеді. Бас төреші - Дональд Робертсон.
Бұған дейін ел құрамасы өз алаңында Норвегиямен 0:0 есебімен тең түссе, сырт алаңда Словенияға 0:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Қазақстан футболшылары Аустрияға 5 қазан күні табан тіреп, ойынға дайындығын бастаған.