11 Қараша, 2016

«Ақжайық» жаттығуға кірісіп кетті

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
10-11-16-hokkei-s-miachem-1Қазақстанда допты хоккеймен айналысатын бірден-бір ұжым – Оралдың «Ақжайық» клубына жаңа бас жаттықтырушы келді. Оны енді отандық маман Владимир Кожевников жаттықтыратын болды. Жаңа маман ұжымды қыр­күйек айында қабылдап алды. Ал жасақтың жаттығуы қараша айының басында басталды. Клуб басшылығы жаңа бас бапкердің алдына 2016/2017 жылдарғы мау­сымда Бүкілресейлік командалар жарысы жоғары лига­сының финалдық кезеңіне шығу мін­детін қойып отыр. Оның қо­рытындысы бойынша міндетті түрде жүл­дегерлер үштігінен та­былу керек. Өткен маусымда Саратовтың «Крис­талын» жаттықтырған Вла­ди­мир Кожевников биыл қар­жы дағдарысына байланысты чемпионаттан тыс қалып отырған сол командадан өзімен бірге алты ойыншыны әкелді. Бұлардың қатарын қорғаушылар Сергей Пантеев, Александр Подметалин, жартылай қорғаушылар Евгений Суковин, Максим Никишов, Сергей Гав­рилов, Артем Недоступов құрайды. Сонымен бірге, жасақ құрамынан кетіп қалғандар да бар. Мәселен, көп жыл капитан болған Іскендір Нұғманов ендігі тапсырыста жоқ. Себебі, Норвегия командаларының бірінде ойнауға кетіпті. Қазір ойыншылардың өт­кен маусымнан қалған айлық жала­қыларының қарыздары бар көрінеді. Олардың қашан төле­нетіні белгісіз. Еске сала кетейік, биыл «Ақ­жайық» өзінің 40-шы маусымын өткізгелі отыр. Ол 20 қараша күні Ресей чемпионатында сөре тартады. Команда 1976 жылдың тап сол күні КСРО чемпионатындағы дебюттік матчын өткізіп, Верхний Уфалейдің «Никельщигімен» кездескен екен. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ