11 Қараша, 2016

Бұл – әлеуметтік маңызы жоғары жоба

385 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Бүгінгі таңда, 369 мың тұрғыны бар Тараз қаласының 100 мыңнан астамы «Алматы  –Шымкент» бағытындағы темір жол желісінің арғы бетінде тұрады. Соңғы жылдары көлік қозғалысы қарқындылығының 2-3 есеге өсуіне байланысты қолданыстағы жалғыз жол өткелі көлік ағымын игере алмай, кептелектер мен жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. Бұған қоса, Қырғыз Республикасымен арадағы көлік қозғалысы күніне 4-5 мың бірлікті құрайды. Бұл тұрғыда, Айша бибі көшесінің ая­ғын­да құрылысы аяқталмаған жол көпі­рін іс­ке қосу мәселенің бірден-бір шешімі бо­­лып табылады. Аталған жол көпірін қай­­та жаңартуға облыстық бюджеттен бө­лін­ген қаржыға ЖСҚ әзірленді және 2014 жылғы 20 қазанда №08-0243/14 мемлекеттік сараптама алынды. Жоба құны – 1,9 млрд тенге. Сонымен қатар, осы көпірден бастау алып «Айша бибі» кедендік бекеті орна­ласқан «Тараз – Өтмек Қырғызстан шек­а­ра­сы» автожолына жанасатын жаңа «Тараз қаласы – Гродиково ауылы» автожолын салу қажеттілігі туындауда. Осыған орай, тех­никалық-экономикалық негіздеме жасауға облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 2015 жылдың 14 сәуіріндегі №08-0127/15 мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жоба құны – 2,8 млрд теңге. Аталған жобалардың іске асырылуы өз кезегінде 100 мыңға жуық тұрғынның кө­ліктік қатынасуын қамтамасыз етумен қатар, тран­зитті ауыр жүк көліктерінің қаланы оң­түстік беттен жылдам және қауіпсіз жү­ріп өту мүмкіндігіне жеткізіп, халық тұр­мысы­ның, қала экологиясының жақсаруы мен жал­пы өңірдің дамуына орасан зор үлесін тигізер еді. Сонымен қатар, Тараз қаласында пайда болған басты мәселелердің бірі, Тараз қала­сының солтүстік-батыс бөлігінде аумағы 362,2 га және 13 мың тұрғынға арналған Сабалақов көшесінде бой көтеретін жаңа тұр­ғын алқапты жылумен қамтамасыз ету болып табылады. Тұрғын алқапты жылумен тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында, сметалық құны 1 362,1 млн теңгені құрайтын қосымша су ысытқыш қазанын орнату арқылы Тараз қаласындағы Исатай батыр көшесі бойын­дағы 4-ші аудандық қазандығының жылу қуа­тын ұлғайтуға 2017 жылға бастапқы 680,0 млн теңге қарастыру қажеттігі туындап отыр. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысы №08-0174/15 2015 жылдың 22 мамырында алынды. Жобаланып отырған нысандардың ха­лық­аралық, стратегиялық және әлеуметтік ма­ңыздылығын ескере отырып, Үкімет аталған жобаларды 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға ықпал етсе жөн болар еді. Ертарғын АСТАЕВ, Сенат депутаты