11 Қараша, 2016

АХҚО Оңтүстік Корея компанияларымен келісім жасады

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
photo-mou-aifckrx2 Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстік Корея Республикасына жасаған мемлекеттік іс-сапары аясында «Астана» Халықаралық Қаржы орталығының (АХҚО) делегациясы Оңтүстік Кореяның қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіп, екіжақты меморандумдарға қол қойды. unnamed Корея Қор Биржасына (KRX) барған кезінде АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов корейлік серіктестерді Қаржы орталығының Елбасының Бес институционалды реформалары мен «Жүз нақты қадам» бастамасының аясында құрылғандығынан хабардар етті. Орталықтың жүзеге асуы үшін Конституциялық Заң қабылданғанын, Заңның АХҚО қатысушыларына ерекше жағдай жасайтынын айтты. Сонымен қатар, капитал нарығын дамыту бойынша, жаңа қаржылық құралдарды пайдалану тұрғысынан тәжірбие алмасу, ынтымақтасу мәселелері талқыланды. Тиімді серіктесу үшін, дәлірегінде, біріккен кәсіби білім бағдарламаларын ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер конференциялары мен семинарларын өткізу мақсатында Ынтымақтастық меморандумына қол қойды. 11111 Сонымен қатар, АХҚО Делегациясы Кореяның капитал нарығын зерттеу Институты (KCMI) мен Кореяның Каржылық инвестициялық Қауымдастығымен (KOFIA) келіссөздер жүргізді. Негізгі тақырып – Қазақстандағы қаржы нарығы функцияларының бекіп, бәсекеге қабілеттілігінің арту жолдары. Тараптар өзара қатынасты тереңдету мақсатында Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды. 222222 Оңтүстікорейлік «GivtechCo., Ltd.» және «NongHuypBank» компанияларымен келіссөздер кезінде қазақстандық тарап ақша аудару және транзакциялық платформалар жүйелері саласындағы қауіпсіздік бойынша жеткен жетістіктерімен, бұған қоса, қаржы қызметтерінің «оңай» әрі «жеңілдетілген түрін» көрсететін бағдарламалармен танысты.