11 Қараша, 2016

Биыл өнеркәсіптік өнімдерінің көлемі артты

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылғы қаңтар-қазанда 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда табиғи газ және түсті металл кендерінің өндірісі өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар осы уақыт аралығында тамақ өнімдерінің, фармацевтика және металлургия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі жоғарылады. Өнеркәсіптік өнімдерінің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 11 өңірінде байқалды. Шикі мұнай, көмір және темір кендерінің өндірісі төмендеді. Сусындардың, темекі,  химия өнеркәсібі өнімдерінің және автокөлік құралдарын жасау өнімдерінің өндірісі қысқарды.