12 Қараша, 2016

Ортақ жоба

271 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Астанада Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен Қазақ ұлттық өнер университеті бірлесіп Францияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі қолдауымен «Қазақстандық кинематографияның өзекті мәселелеріне француз киносарапшыларының көзқарасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. «Қазақстан Республика­сындағы 2050 жылға дейінгі кинематографияның даму Тұжырымдамасы» жоба­сын әзірлеу аясындағы ш­а­ра әйгілі француздық са­рапшы, Орталық және Шы­ғыс Еуропа елдерінің кине­мато­графиясы бойынша Юнифранстың жетекші маманы Жоэль Шапронның, сондай-ақ, мәдениет және өнер саласындағы кинемато­графистердің, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері мен шығар­машылық иелерінің қаты­суымен өтті. Айта кету керек, бүгінгі таңда француз кинематографиясы көптеген елдер үшін эталондық үлгі болып табылады. Франция – ұлттық кинематографияға ерекше назар аударуымен алда келеді және осы үшін қажетті барлық жағдайларды қарастырып отырған ел. Дөңгелек үстел барысын­да Жоэль Шапронның жә­не Присилла Жессатидің «Француз киносының тетік­тері және қағидалары» жә­не «Франциялық кинотеа­тр – ғасыр ұзақтығындағы ан­шлаг» кітаптары таныстырылды. Басылымда француз киносының ұлттық және әлеуметтік қалыптасуы, киноны қаржыландыру жү­йесі және Франциядағы киноландыру көрінісінің үрдісі жайлы жан-жақты айтылады. Мұндағы құнды деректер мен алуан түрлі мәліметтер тек кино индустриясы өкілдеріне ғана емес, сонымен қатар, кино өнерін бағалаушы жалпы көпшілік үшін де өте-мөте қымбат қазына болып саналады. Дөңгелек үстелді өткізу идеясы қазақстандық кине­матографияның даму жолына бағытталған және де Франция тәжірибесіне негіз­делген. Жоба бойынша Қазақ­стандағы 2050 жылға дейінгі кинематографияның даму тұжырымдамасы, кино­өндіріс, фильмдер көле­мінің ұлғаюы, сала дамуын қолдау және жоғары көр­кем туындылардың шы­ғарылуы, кинотеатр желі­лерінің кеңеюі мен жетіл­дірілуі, кино саласының эко­номикалық дамуы мен қазақ­стандық киноөндіріске инвес­тицияның тартылуы, кинобілім сапасының дамуы, зерттеу қызметі, сондай-ақ әлемдік тәжірибедегі қа­зақстандық киноөндірістің интеграциясы мәселелерін тал­қылау жоспарлануда. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»