12 Қараша, 2016

Жаңалықтар полигоны

293 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді foto-alzhanov-bБиыл Қазақстанның ұлттық валюта­сына 23 жыл толады. 1993 жылы теңгенің алғашқы тобы шетелде басылып шығарылды. 1995 жылдан бері Қазақстан Банкнот фабрикасы өз жұмысын ресми түрде бастағаннан, отандық валюта осында басып шығарылатын болды. Ал 2009 жылдан бас­тап Банкнот фабрикасы әлемнің басқа елдері үшін ұлттық валютаны шығару үшін қосалқы мердігерлік алады – олардың саны қазір бесеу болды және олар ТМД бойынша көршілер емес. Бұл айғақтың Қазақстан банкнотшыларының жоғары деңгейін және беделін растайтыны сөзсіз. Мұны отандық банкноттардың дизайны, идеясы үшін ғана емес, сонымен қатар технологиясы мен жаңалығы үшін халықаралық марапаттар растайды. Банкнот фабрикасының (БФ) ақша өндірісіне арналған әлемнің қағаздарды, бояуларды, қорғаныш элементтерін жетекші шығарушылармен әріптестігі оған тән сипатқа айналды. Олардың арасында DeLaRue, SICPA SA, KBA-NotaSys, LandQart AG, Crane Currency, Giesecke&Devrient, Oberthur Fiduciaire сияқты танымал көшбасшылар бар. Фабрика олар үшін жай ғана тапсырыс беруші емес, сонымен қатар әлемдік деңгейдегі жаңалықтарды өңдеуге арналған өндірістік, технологиялық база болды. Көбінесе жаңа элементтердің одан кейінгі тағдыры отандық мамандардың оларды өндіріске қалай бейімдейтініне және ықпалдастыратынына қатысты. Атап айтқанда, неге БФ жаңалықтарды сынау полигоны болды, – біздің Банкнот фабрикасының директоры Батырбек ӘЛЖАНОВПЕН әңгімеміз осы сұрақтан басталды. – Біздің бастапқыда инновацияға назар аударғанымыздың мәні бар деп ойлаймын, – деді ол. – БФ жұмысы нөлден басталды, бізге білім қажет болды, біз оқуға дайын болдық. Саланың әлемдік көшбасшыларымен осы қатынастар біртіндеп өзара тиімді ынтымақтастыққа ұласты. Біздің олардың барлығына үй­­реткені және сенім білдіргені үшін де алғысымыз шексіз. – Алайда әлемнің банкнот нарығында Қазақстан әлі жас ойыншы ғой... – 21 жыл бойы БФ өзін жақсы жағынан көрсетті. Біз банкнот фабрикаларының әлемдік пулына қабылдандық, олардың көпшілігінің жүз жылдан астам тарихы бар. Жылдардың жетпеуін біз үнемі жаңа әзірлемелер табуға тырысатынымызбен, тәжірибе жасауға, сынықтан өткізуге, ноу-хауды өнеркәсіптік үлгіге дейін жеткізуге дайын екенімізбен өтейміз. Бұл өзара тиімді: әлемдік компаниялар шарттық негіздермен бізге тегін материалдар береді. Біз идеяны практикада іске асырамыз. Әріптестер біздің қандай күрделі жұмысты орындайтынымызды біледі. Біз жүргізіп отырған бүкіл саясат тиісті нәтиже берді – осы нарықта біздің белгілі бір орнымыз бар, біздің өз әзірлемелеріміз, өз «рецептіміз» бар. БФ басқа елдер үшін тапсырыстарды іске асыру үшін әріптестерден қосалқы мердігерліктер алып отыр. Өнімнің сапасы бірдей: тапсырыс беруші дайын өнімді ала отырып, жеткізілген партияда айырмашылықты көрмейді. – Батырбек Асылбекұлы, фабрика теңге жаңашылдығы үшін талай жүлде алды. Мысалы, ҚБФ әлемде алғаш рет 5 мың теңгелік купюрада Spark элементін қолданды. Осы үшін атап өтілді. – Сонымен қатар соңғы үш жыл қатарынан түрлі номиналдағы біздің банкноттарымыз әлемдегі үздік ретінде танылды. Теңгенің дизайнын жасау кезінде біз зертханадан тестілеуден жаңа ғана өткен жаңа қорғаныш элементтерін үнемі пайдалануға тырысамыз. Жаңа қорғаныш элемент негізінде біз алдымен тестілік банкнотты жасаймыз. Бұл оның айналымда қалай болатынын түсінуімізге, элементті барынша жетілдіруге мүмкіндік береді. Шетелдік әріптестеріміз үшін біз өзімізше сынақ полигоны болуға дайынбыз. Оларға Қазақстан тәжірибесі қызықты. Идеяны пысықтау кезінде бізде олармен жүйелік тәсіл қалыптасты. – Бірақ тестілік банкноттар айналыс­та болмайды емес пе? – Тестілік банкноттар – жоқ. Оларда тек элементтерді енгізу, оларды қағаздың, бояудың, басқа да қорғаныш элементтерінің қандай да болсын түрімен үйлестіру жүр­гізіледі, полиграфиялық мүмкіндіктер сы­нақ­тан өтеді. Егер Ұлттық Банктің ескерткіш немесе мерейтойлық банкнотты шығаруы қажет болса, онда іздену үшін уақыт кетірудің қажеті жоқ – біз алғ­а қарай оза отырып, жаңа элементті ұсынамыз. Ол ескерткіш, мерейтойлық банкноттарды, ал одан кейін айналымын тексеруден өткізе отырып, айналыстағы бан­кноттарды жасау кезінде пайдаланылады. Біздің әріптестеріміз Ұлттық Банктің әлемнің көптеген орталық банктері сияқты консервативті емес, ұтқыр жұмыс істейтінін бағалайды. – ҚБФ тауарларының номенклатурасы қалай кеңейді, фабрика басқа өнімді де басып шығарады ғой? – 1997 жылдан бастап ҚР азаматтарының төлқұжаттарын дайындауды біздің фабрикаға беру туралы шешім қабылданды. Осы сәттен бастап ҚБФ функциялары кеңейе бастады. Үкіметтің қаулысына сәйкес, қорғаныш элементтері бар және ҚБФ-да ғана шығарылатын өнімнің тізбесі бар. Біз қазіргі кезде туу туралы куәліктен бастап қайтыс болуы туралы куәлікке дейін өнімнің 120 түрін шығарамыз. 2009 жылы бірінші электрондық төлқұжатты шығардық, ал 2010 жылдан бастап чиптері бар жеке куәліктерді басып шығарамыз. Біз үш бағытта жұмыс істейміз. Біріншісі – ұлттық валютаны дайындау. Екіншісі – қорғанышы жоғары полиграфиялық өнім: төлқұжаттар, әскери билеттер, дипломдар, аттестаттар. Үшіншісі – ID-карталар: электрондық жеке куәлік және төлем карталары. Көлемнің 50%-ға дейінгісі – Ұлттық Банктің тапсырыстары, 27-28%-ға жуығы – Ішкі істер министрлігінің тапсырыстары. Қалғаны – фабриканың коммерциялық қызметі. Сондықтан Банкнот фабрикасы – рентабельді кәсіпорын. dsc01967 dscn1014– Бизнестің экспорттық құрау­ыш­тарын нығайту жоспарларыңызда бар ма? – Қазір БФ банктермен, өнеркәсіптік жә­не жеке кәсіпорындармен жұмыс іс­тей­ді. Коммерциялық тапсырыстардың по­­рт­­­фелі­нде – астық қолхаттары, тауар жүкқұжаттары, сақтандыру полис­тері, төлқұжаттар және ТМД елдеріне арналған визалық жапсырма қағаздар. Бірақ біз өз экспортымызды өрістеткіміз келеді. Біздің жалғыз акционеріміз Ұлттық Банкпен келісім бойынша біз даму стратегиясын қабылдадық. Коммерциялық тапсырыстардың, оның ішінде шетелдік тапсырыстардың үлесін ұлғайту шешіл­ді. Ерекше назар ID-карталарды, био­мет­рия­лық төлқұжаттарды, RFID – технология­лар қолданылған өнімді өндіруге аударылады. Біз қазір әлемнің жетекші банкнот компанияларымен стратегиялық әріптестік жасау жөнінде келіссөздер жүргізудеміз. Бұл бізге консорциум ретінде тендерлерге бірге шығуға мүмкіндік береді. Жинақталған бірлескен тәжірибені ескерсек, бұл жұмыстың болашағы зор. – ҚБФ таза технологиялық тұрғыдан нарықтың сұратуларынан озуға дайын ба? – Іс жүзінде нарықтар дамуда, жаңа қорғаныш элементтері және технологиялар пайда болуда және біз осы қарқынмен жүруге тиіспіз. БФ 2009 – 2014 жылдары жаңғыртуды жүргізді. Бұл уақтылы болды, себебі 2008 жылы Үкімет биометриялық төлқұжаттар шығару жөнінде шешім қабылдады. Біз үшін бұл барынша жаңа функция болды, бірақ біз оны меңгере алдық. Қазіргі кездегі БФ – жоғары тех­но­ло­гиялық және көпсалалы бірлестік. Біз­де халықаралық стандарттардың бар­лық қажетті сапа сертификаттары бар. Мамандардың негізгі бөлігі алғашқы күн­дер­ден бастап және инженерлік-тех­никалық қызметкерлерді қоса алғанда ұжым­да 433 адам жұмыс істейді. – Тағы бір сұрақ: теңге пластикалық бола ма? Енді бұл әлемдік үрдіс қой… – Осы бағыттағы бірнеше үрдіс бар – плас­тикалық немесе полимерлік банкноттар­мен қатар, сондай-ақ полимер мен қағаз үйлесетін субстраттар бар. Полимерлік ақша айналымда ұзақ болады, қағаз ақшаға қарағанда аз ластанады. 2014 жылы біз полимерлік банкнот шығардық. Бұл шетелдік шағын тапсырыс болды. Субстрат – банкнот ісіндегі жаңалық. Қазір Швейцария дизайнды толық ауыстырып, өзінің банкноттарын субстратпен шығарады. Біз банкнот ісіндегі субстратты Ұлттық Банктің дизайнерлері БФ-мен бірлесіп алғаш рет қолданғанын мақтан етеміз. Біз субстраттың мүмкіндігіне назар аудардық және байқап көрдік. Тестілік банкнот жасалды. Егер біз 20 мың теңгелік банкнотты уақтылы шығарғанда, БФ ресми түрде әлемде бірінші болар еді. Оны кешіктіріп шығарсақ та, банкнот өңірлік халықаралық конференцияда бірінші орын алды. – Ұлттық Банк авторлығын патент­теді ме? – Бұл патент емес. Осындай фактілерді әлемдік кәсіби банкнот қоғамдастығы таниды. Ол жыл сайын шорт-парақ жасайды, оған 2016 жылы біздің 20 мыңдық купюрамыз да енгізілді.