12 Қараша, 2016

Мәскеулік ғалым дәріс оқыды

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЕурАзЭҚ стратегиялық зерттеулер институтының директоры, Ресей жаратылыстану ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы Анатолий Спицынның дәрісін Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамы үлкен ынтамен тыңдады. Елбасы Н.Назарбаевтың ішкі-сыртқы сая­саты жайлы үзбей жазып келе жатқан ғалым бұл жолы өз тыңдаушыларына «Дүниежүзілік экономикалық жаһанданудағы Еуразиялық интеграция, Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің стратегиялық жаңа бас­та­ма­ла­ры» деген тақырып аясында мол мағ­лұ­­мат­тар ұсынып, жан-жақты әңгімелеп бер­ді. Академик өз лекциясына саясаттағы, эко­но­микадағы өзекті мәселелерді арқау ете оты­рып, халықаралық қоғамдастықтағы Қазақстанның орны мен рөлін, беделін ерекше бөліп айтты. Экономикалық саясатын жаһандану үрдісіне, уақыт ағымына сәйкестендіре жүргізген мемлекет кез келген қиындықты еңсере алады. Қазақстан – сондай елдердің бірі. Оның үздіксіз дамуды көздейтін стратегиялық батыл бастамалары мен тың ізденістері өзгелер тарапынан үнемі қолдау тауып келеді, – дей келіп, ғалым интеграциялық проблемаларды шешудегі Еуразиялық экономикалық одақтың мән-маңызын атап өтті. Саналы ғұмырын ғылымға арнаған Анатолий Спицын 150-ге жуық моно­гра­фия­ның авторы. Оның өз әріптестерімен бірігіп жазған «Нұрсұлтан Назарбаев – көреген стратег, саясаткер, көшбасшы» деген еңбегі Мәскеуде басылып шыққан. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы