12 Қараша, 2016

Қармақшы ауданының 1300 тұрғынына жер телімі берілмек

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-11-16-jer-telimi

Қармақшының Жосалы кентінде жаңадан шағын аудан бой көтермек. Ол үшін жергілікті басшылық 170 гектар жер телімін, 1300 тұрғынға беретін болды, деп хабарлайды inform.kz. Биыл аталған жер телімінің инженерлік инфрақұрылымдарын жүргізуге Үкіметтің арнайы резерві есебінен 720 млн, облыстық бюджеттен 80 млн теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін бұл қаржыға 22 көшеге 33 шақырым жол төселіп, 24 шақырым телефон желісі мен 44 шақырым электр желісі тартылмақ және қосымша станса салынады. Сөйтіп, күні бүгінге дейін жер алу үшін кезекте тұрған азаматтардың жер теліміне деген сұранысы 100 пайызға қамтамасыз етілетін болады. Айта кетейік, аталған жерге Халыққа қызмет көрсету орталығының филиалы, аудандық ішкі істер бөлімі, 1 мектеп, 2 балабақша, және спорт алаңдары салынбақ.