12 Қараша, 2016

Қытайда дәрігерлер жасанды құлақ өсіріп шығарды

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  121116-china-1 Қытайлық дәрігерлер пациенттің қолына жасанды құлақ өсіріп шығарды, деп хабарлайды lenta.ru. Бұл іс Сиан қаласындағы Джао Тонг университетінің Го Шучжун есімді маманының жетекшілігімен жүргізіліп жатыр. Ота жұмыстары әзірге толық аяқталмады. Цзи есімді емделуші осыдан біраз уақыт бұрын жол апатына ұшырап, құлағынан айрылған болатын. Сонымен қатар, бетінің бір бөлігіне де зақым келіпті. Бет терісін қалпына келтіру үшін ол бірқатар пластикалық операциялар жасатқан. Дәстүрлі медицина арқылы құлағын бұрынғы күйіне келтіру мүмкін болмағандықтан Го Шучжунның көмегіне жүгініпті. Дәрігер күрделі істі үш кезең бойынша орындауды жөн санаған. Оның біріншісінде пациенттің оң қолына тері кеңейткіш орнатылса, екінші бөлігінде қабырғасынан шеміршек алынып, құлақ пішініне келтіріп, қолына орнатқан. Әзірге жүзеге асырылмаған үшінші кезеңде жасанды құлақ емделушінің басына орнатылады. Шучжунның жоспары бойынша, отаның соңғы бөлігі үш-төрт айдан кейін жасалады.