12 Қараша, 2016

Түркістанда ақындар айтысы өтті

405 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Түркістанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қаладағы «Өнер» мектебінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің нұрлы таңы» атты жыр додасы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Оған қатысқандардың барлығы да 4-10 сынып оқушылары. Әдемі әзілдерімен қоса елдің тарихынан, азаттыққа жету жолынан сыр шерткен жас ақындар көрермендермен қоса қазылар алқасын да тәнті етті. Қазылар алқасы Ерсайын Диханбайды жеңімпаз деп таныды. І орынды нәзік жандылардың жалғыз өкілі болып қатысқан Гүлмарал Тасыбек иеленді. ІІ орын Айбар Мырзагелді мен Бақдәулет Қожановқа бұйырса, Болат Тәңірберді, Нұрлан Ережеп және Бекасыл Сәрсенбектер үздік үштікті қорытындылады. Қаншама таланттарды тәрбиелеп отырған «Өнер» мектебінің директоры, белгілі айтыскер ақын Тұрар Тілеулиев жүргізіп отырған додада аталған мектептің оқушылары ән мен жырдан, термеден шашу шашты.