12 Қараша, 2016

Алматы маңында жер сілкінді

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20160826202933 «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалары 12 қарашада Алматы уақытымен 18 сағат 39 минут 02 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 365 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық қуаты - 10,1. Тербелісі - 3,9, тереңдігі - 5 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.