13 Қараша, 2016

Денис Тен Гран-Приде үшінші орында келеді (видео)

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Парижде өтіп жатқан Франция Гран-приінде қысқа бағдарлама бойынша бәсекеде үшінші орында келеді, деп хабарлайды Sportbox.ru. Бірінші орында әзірге 96,57 балл жинаған испандық Хавьер Фернандес тұр. Оның соңында 92,85 балл алған американдық Натан Чен келеді. Денис Тенде — 89,21 балл. Айта кеткен жөн, 2013 жылы осы бәсекеде Тен қола медаль еншілеген болатын. Франция Гран-приі 13 қарашада аяқталады.