13 Қараша, 2016

Қылмыскерді "терминатор", "атқыш" деп атамау керек - Қарин

451 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
rin Қазақстандық саяси және қоғамдық қайраткер, белгілі саясаттанушы, ғалым, публицист, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин қазақстандықтарды  өмірлерін құрбан етіп лаңкестерді тоқтатқандарды естен шығармауға шақырды.  "Бүгін Тараздағы қайғылы оқиғаға 5 жыл толды. 2011 жылғы 12 қарашада біз терроризм қаупімен алғаш рет бетпе бет кездестік. Біз осындай оқиғалардың бізде де болуы мүмкін екенін сезініп, үрей мен қорқынышқа бой алдырдық. Бірақ, сонымен қатар арамызда біздің тыныштығымыз бен қауіпсіздігімізді өз өмірін қиып қорғауға дайын және ерлік таныта алатындардың бар екендігін білдік. Бұл өзгелердің өмірін сақтап қалу үшін гранатаны кеудесімен жапқан капитан Ғазиз Байтасов. Бес ай бұрын Ақтөбедегі терактіде майор Даниэль Майлыбаев алғашқы оқты өзі қабылдап, қылмыстық топқа қарсы тұрды. Бір айдан соң полиция старшинасы Аян Галиев есінен адасқан адам өлтірушіні өз өмірін қиып тоқтата алды», - деп жазды Е.Қарин Facebook-тегі парақшасында. Саясаттанушы олардың есімі еске сирек алынатынына қынжылатындығын білдірді.  «Есесіне, барынша көп адамды өлтіруді армандайтын ессіз қылмыскерлердің биографиясы мен суреттері көптеп сипатталған». Мұнымен де қоймай, оларды образды, тіпті романтикалық аттармен атаймыз - "Тараздық терминатор" немесе "Алматылық атқыш". Содан соң өсіп келе жатқан жас ұрпақ еліктеп, үлгі алатын идеалдар неге жоқ дейміз. Осы идеалдарды іздеудің, ойдан шығарудың қажеті жоқ. Өз борышын адал орындағандарды естен шығармай, олардың туған-туыс, жақындарына қолдау көрсету қажет. Сондықтан да осындай атаулы күндерде нағыз ерлердің   «Қазақстан батырларының» есімдерін ұмытпай еске алып, қастерлесек жас ұрпақ біліп жүрер еді», - дейді Е.Қарин.