13 Қараша, 2016

Қазақстандық дзюдошылар Словенияда 10 медаль алды

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
15049565_612417572264496_922526499_n Словенияның Градек қаласында Турпал-Али Кадыровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің бірінші күнінде Қазақстан құрамасының дзюдошылары 10 медальға ие болды, деп хабарлады Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі. Дзюдошылардың ішінде Камила Берлікаш (+70 кг) пен Нұрсұлтан Манарбекұлы (34 кг) бірінші орын алған. Абдусамат Бақыт (50 кг), Жәнібек Тельман (55 кг), Нұрзат Салимбаев (60 кг), Данияр Әшімхан (66 кг) екінші орын алса, үшінші орынды Меруерт Сарсенова (52 кг), Бақытжан Абдурахманов (66 кг), Сұлтан Серікбай (+90 кг), Санжар Жабборов (+90 кг) секілді дзюдошылар иеленген.