13 Қараша, 2016

Жаңа Зеландияда жер сілкінді

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жаңа Зеландия жағалауында қуатты жер сілкінісі болды. АҚШ-тың геологиялық қызметі магнитудасы 7,4 балдық жер сілкінісін тіркеді. Мамандардың мәліметтеріне қарағанда, зілзала кіндігі Крайстчерч қаласынан 95 шақырым қашықтықта болған, деп хабарлайды Би-би-си. Бұл жаңазеландиялық қала әлі күнге дейін 2011 жылғы, 185 адамның өмірін алып кеткен қуатты жер сілкінісі салдарынан толық айығып кете алмай отыр. Әзірге жаңа жер сілкінісінен құрбан болғандар мен қирандылар жөнінде хабар түскен жоқ. Көрші қалалардың тұрғындары болса, едәуір жер асты дүмпулерін сезінген. Жаңа Зеландия Тынықмұхиттық жанартаулардың отты шеңбері аталатын аумаққа кіреді. Әлемде болып жатқан барлық жер сілкінісінің 90 пайызы және олардың ішіндегі ең қуаттыларының 80 пайызы осы өңірдің еншісінде.