13 Қараша, 2016

Таразда дауыл қайта күшейді

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жамбыл облысының ТЖД және коммунальдық қызметтері 3-4 қарашадағы дауылдың салдарын жойып үлгерген жоқ. Алайда синоптиктер алдын ала болжаған қатты жел Таразға қайта келді, деп хабарлады ҚазАқпарат. Дауылды ескерту туралы ТЖ қызметтері бір тәулік бұрын хабарлаған. Батыстан соққан күшті желдің ұйытқуы секундына 35 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Ол өңірге суық пен жауын-шашын ала келеді. Құбылмалы ауа райы қараша айының соңына дейін жалғасады, деп мәлім етті синоптиктер. Қарашадағы орташа ауа температурасы минус 1 градустан плюс 12 градус аралығында болады деп күтілуде. Қарашаның үшінші онкүндігінде ауа райы күрт суытып, ауа температурасы түнде -7 -12-ге дейін төмендейді, ал күндіз +5-ке шейін жылынады. Осы айда жауын-шашын мөлшері айлық көлемнен артық болады. Кей жерлерде көктайғақ болып, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетпек.