14 Қараша, 2016

Қазақстандық шорттрекші - әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20161114100643 Батысқазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев Солт-Лейк-Сити (АҚШ) қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы. Абзал 500 метр қашықтықта алтыннан алқа тағынды. Ол осындай табысқа қазақстандықтардан алғаш рет қол жеткізіп отыр. Ал командалық эстафетада Қазақстан құрамасы үшінші орыннан көрінді. Айта кетейік, Абзал Әжіғалиев Батыс Қазақстанның Сырым ауданында дүниеге келген. Оралда жабық мұз айдыны сарайы ашылғаннан кейін шорт-тректен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков дайындаған талантты спортшылардың бірі. А.Әжіғалиев Сочи олимпиадасында негізін батысқазақстандықтар құраған ҚР құрамасы сапында 5 мың метрлік эстафеталық сында бесінші орынды иеленді. Енді ол - Алматы қаласында алдағы жылы өтетін қысқы Универсиадаға қатысуға басты үміткерлердің бірі. 20161114100622