14 Қараша, 2016

Астана көшелеріне 369 техника жұмылдырылды

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
24054e1c-39a4-4935-887b-b383b61bb136 Астана көшелерінде таңертең көлік кептелісі орын алып, коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі. "Астана Тазалық" ЖШС мәліметтеріне сәйкес, бүгін сағат 8.00-де қар жинау жұмыстарына 369 арнайы техника тартылды. Қаланы санитарлық тазалау жұмыстарына 363 жол жұмыскері жұмылдырылды. 2 746,00 текше метр құм-тұз қоспасы себілді. Тәулік ішінде 6 655 текше метр қар шығарылды. Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Астанада қар жауады, көшпелі бұлт шығады. Күндіз ауа температурасы -13...-15 С.