14 Қараша, 2016

Сібір жарасы вакциналарының «жарасы» жеңілдемей тұр

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үкіметтің бүгінгі отырысында отандық ветеринария саласын дамыту мәселесі бойынша баяндама жасаған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қайрат Айтуғанов сібір жарасына қарсы вакцинаға сынақ жүргізгеннен кейін құқық қорғау органдарына тиісті материалдар жіберілгенін мәлімдеді. «Биыл тамыз айында сібір жарасына вакциналардың сапасын тексеру мақсатында біз тиісті сынамаларды Украина мен Эфиопияның зертxаналарына жіберген едік. Нәтижесі жақсы емес. Қазан айында тиісті материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Қазір кезде сол материалдар бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр», деді Қ.Айтуғанов. Вице-министрдің айтуынша, бүгінде заң бойынша вакциналар саудасымен айналысатын кәсіпорындардың куәлігін қайтару тетігі қарастырылмаған. Себебі ондай құжаттар мерзімсіз беріледі. Ендігі кезекте заңға өзгеріс енгізіп, вакцинаны өндіретін және сататын компанияларға қатысты талаптар күшейтілетін болады. Алдағы уақытта бюджет ақшасына сатып алынатын ванкциналарды кәсіби шетелдік зертxаналар тексереді. Ал аталған тауарларды сатып алу конкурстары жылдың соңында өткізіледі. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан.