14 Қараша, 2016

Елімізде логистика тиімділігі жоғарылады

363 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2016 жылы логистика тиімділігі деңгейі бойынша Қазақстан 11 позиция жоғары көтеріліп, әлемнің 160 елінің арасында 77-орынға тұрақтады, деп хабарлайды finprom.kz. Логистика тиімділігі индексі бойынша Қазақстан бірқатар ТМД елдерінен озық тұр: Ресей 99-орында,  Украина - 80-орында, Өзбекстан - 118-орында, Беларусь - 120-орында және Қырғызстан - 146-орында. Мамандардың айтуынша, 2016 жылы темір жол тасымалдарынан түскен табыс 29 млрд. теңгеге өскен. Қазір бұл сала кең көлемдегі өзгеріс режимінде. Темір жол тасымалдары саласындағы бәсекелестік тек ұлғая түседі. Саладағы кіріс деңгейінің артуына тасымал құнының өсуі ықпал етеді, себебі тасымал көлемі азаяды. Биылғы 9 айда сала кәсіпорындары өткен жылмен салыстырғанда 4% аз жүк тасымалдаған (236 миллион тонна). Жолаушылар тасымалы 22% азайған - қаңтар-қыркүйек айларында темір жол арқылы 17 миллион адам қатынаған.