14 Қараша, 2016

Қазақстанда 30 градус аяз түседі

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Қазгидромет» РМК 2016 жылғы 15-17 қарашаға арналған ауа райын таратты. Синоптиктердің ақпаратына сәйкес жауын-шашын мен күшті жел алып келген атмосфералық ағынмен циклон Қазақстаннан ығысып, Батыс Сібірдің солтүстік аудандарынан суық антициклон таралады. Солтүстік облыстарда ғана емес,  республиканың оңтүстігінде  де температура төмендейді деп күтілуде. Антициклон ықпалымен алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстігі жауын-шашынсыз болмақ, бірақ күн суытады, түнгі температура 20...27ºС, жер-жерлерде 30ºС аяз болады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады деп күтілуде. Кей өңірлерде шығыстан күшті жел соғып, боранға ұласады. Түнде температура 5-15ºС аяз болады. Бұл Қазақстанның барлық аумағындағы ағымдағы кезең үшін климаттық нормадан 5-13ºС төмен.