14 Қараша, 2016

Бүгін ең жарық Айды көруге болады

411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бүгін Жер мен Ай сонау 1948 жылдан бері бір біріне ең жақын арақашықтықта айналып өтеді, деп хабарлады "Хабар 24" арнасы. «Суперай» деген атау берілген бұл құбылыс енді тек 2034 жылы ғана қайталанады екен, деп хабарлайды NASA сайты. Жалпы бұл құбылыс кезінде Ай мен Жердің арақашықтығы 30 мың шақырымға дейін қысқарады. Ал Айдың көлемі әдеттегісінен 15%-ға үлкенірек болады. Әдетте әуесқой астрономдар бұл құбылысты камераға түсіріп алып, онысын ғаламторға жариялап, жұртпен бөліседі.